12Желтоқсан

Қанат ИСЛАМ: Кәсіпқой боксқа АҚШ-та дайындаламын

Қанат ИСЛАМ: Кәсіпқой боксқа АҚШ-та дайындаламын

Алаш Қанаттай азаматының барына риза.  "Қамшыда" онлайын конференцияда болған үш күнде қалың оқырман соны көрсетті. Қарапайым жұрт көкейлерінде жүрген сұрақтарын іріккен жоқ. Порталымыздың крилица нұсқасы мен төте жазу бетінде Қанат Исалм туралы ақпаратқа жалпы мыңнан астам оқырман  көз жүгіртіп, көңіл аударды.

Қазақ намысының "Қамшыгеріне" алдағы күнедерде алар асуы биік болсын деген тілек айтамыз!  

Aрман:  Ассалаумағалейкум, Қанат. Қазақ елі сізге әрқашан тілектес. Дегенмен, АҚШ-қа кететініңіз рас па?

-  Иә, Алла қаласа жақында кетемін. Негізі «Astana Arlans» командасымен бір жылға ғана келісім-шарт жасалған. Сондықтан былтыр Әзірбайжанда өткен әлем чемпионатына «Astana Arlans» құрама командасының мүшесі ретінде баратын болғанмын. Чемпионаттың өтуіне бір апта қалған кезде қатыспайтындығымды білгеннен кейін,  командадан кету ойда болды. Дегенмен, жігіттердің өтінішімен қазірге дейін жүрдім. Ендігі жерде кәсіпқой бокстан Амеркикада дайындаламын. Негізі 2008 жылдан бері ұсыныстар көп түскен.  Қазір тиісті құжаттарымды дайындау үстіндемін. Кезінде Марат Мәзімбаев дайындалған Майамиге шамамен бір жылға бармақпын.

Бүлдірге:   Қанат бауырым, жеңіс тілеймін! «Арландардың» соңғы жеңілісінің сыры не де?

– Негізі командадағы адам қатені  өзгеден емес, өзінен іздеуі керек. Біз кейде ананы анандай, мынаны мынадай деп бағаламақ боламыз. Бұл жерде барлығымыздың жіберген қателігіміз бен кемшілігіміз болды. Бастығымыздан бастап жаттықтырушыға дейін, одан қалса боксшыларға дейін біраз кемшіліктер жібердік. Негізі менің ойымша жаттықтырушылар мен басшылар боксшыларға баса назар аударуы тиіс еді.  Түптеп келгенде, Астана арландарында мықты, кәсіби деңгейі жоғары спортшылар көп болғанымен, олардың бабын жаттықтырушылар келістіре алмады.

Нұрғали Нұртай: Ассалаумағалейкүм! Қанат аға! Туған жеріңіздегі қазақ қандастарымыздың арасынан әлі сіздей таланттар көп шығатыны анық! Үкілеген үміті сіз болып жүрген Қытайлар сіз ата мекеніңізге тартып отырғанда арттағы қандас бауырларыңызды додаға шығаруды тоқтатыпты деп естідік, Сіз елге келмей тұрып-ақ қазақтың мақтанышына айналаған азаматсыз, ата мекенге оралуыңыз біраз бауырларыңыздың бағын байлап кеткен жоқ па?

– Бұл жерде біреудің өмірі біреуге байланып қалған ештеңесі жоқ. Бәрі бір Алланың қолында. «Келем» деген жігіттердің біразын елге әкелуге атсалысып жатырмыз. Кытайдың спартакиадасына қатысып, содан соң келем деушілерде бар. Біреудің жолын біреу ешқашан кесе алмайды. Сондықтан мұндай пікірмен келісе алмаймын. Бәлкім, кейбіреулері бір екі жарысқа аз барған шығар. Сол үшін жолы жабылды деу қате.

KazakhBoy: Қанат, сенің Лондон олимпиадасына қатыса алмай қалуыңда қандай да бір сырлар бар ма? Оған Қытай елінің әсері болды ма, жоқ әлде біздің өз қазағымыз ба?

–  Лондонға бара алмай қалуыма тікелей Қытай үкіметіне себепші болды. Қазақстандағы жанкүйерлерім барлығы дерлік бір кісідей атсалысты. Елбасымызға ғана бармадық. Қалған лауазымды тұлғалар өтініштерін жазып, қолдарын қойғандарын өз көзіммен көрдім.  Қытайдің ішінде өздерінің заңы бар. «Қытайдың құрамасында болғандарға, олимпиадаға қатысқандарға  шетелге шығуға болмайды» деп қызыл мөрді тарс еткізіп басқан. Қытайдың 2012 жылғы Лондон олимпиадасына дайындаған спортшыларының бірі мен едім. Қазір Қытай қатты қобалжулы. 2008 жылы олимпиадаға 10 боксшы жолдама алса, биыл  6 спортшы ғана зорға иеленді. Сол алтауының ішінде біреуі жүлде алса алады, алмаса олда жоқ.

Бірқазақ: Құрметті Қанат Исләмұлы, тарихи отанға бір жолата көшіп баруды қай кезден бастап ойға алдыңыз, қандай бөгеттер болды? Қазақ боксының қазіргі деңгейі қандай, болашаққа қандай дайындықтар керек? Қазір отбасыңыз туралы, келін туралы айта кетесің бе ?

– Он бір жасымнан бастап, Үрімжіде жүрдім. Қазақстанның бар екенін естиміз, отанымыз бар екенін білеміз.  Қазақстанға кету ойда болды. Дегенмен, көп ұлттың әсері ме, ерекше намысшыл болады екенсің. Өз ұлтымның жағдайын ойлап, Қытайдағы мәртебесін көтеріп кеткім келді. 2004 жылы Қазақстанға кетпекші болғанмын. Бірақ, дәл сол кезде Қытай кұрамасында едім. Кетсең «қашқын» атанатының сөзсіз еді. Бас-аяқсыз, ел жұртты улатып-шулатып тастап кету жігіттікке жатпайтын нәрсе. Ал 2009 жылы ұстазымның тілегін жерге тастай алмадым. 2010 жылдың басынан тиісті құжаттарды дайындап, Қазақстанға келдім. Бөгеттердің болуы қалыпты жағдай.

Меніңше, қазақ боксына үлкен өзгерістер енгізу қажет. Көптеген жаттықтырушылар Кеңес дәуіріндегі қатып қалған қағиданы ұстанады. Негізі бұл дұрыс емес. Спорт деген медицина сияқты күнде  дамып жатыр. Ескі қағида мен жаңа әдіс-тәсілдер қарама-қайшы келуде. Өзге елдерден тәжірибе жинақтап, үйренуіміз керек. Құр айқаймен ештеңе өнбейді. Спорт медицинасын дамытқанымыз жөн. Жастарымызды шетелге оқуға жіберіп, шеберліктерін шыңдауға тиіспіз. Спорт медицинасы дамыса ғана, жақсы көрсеткіштерге қол жеткіземіз.

Құдайға шүкір, Қазақстанға келіп шаңырақ көтердік. Мансұр деген ұлым бар. Келіннің есімін айтпай-ақ қояйын.

Көзая: Ассалаумағалейкум, Қанат аға! Естуімше сізді Лондон олимпиадасына қатыса алмайтын болды дейді. Сонда халқаралық дене-тәрбие орындарына пара беріп болса да қатысуыңызға болмады ма?

– Ол жерде пара деген әңгіме жүрмейді. Түгел дерлік саясат дер едім.  Басқалар тас санаса, қытайлар құм санайды. Олардың жүргізетін идеологиясы өте күшті. Қытай құрамасында жүрген кезде: «Сендер тек ел үшін қызмет етулерің керек. Бағып-қағып, тәрбиелеп, өсірдік. Сондықтан сендерде бірінші орында тұрмыс емес, мемлекет тұруы тиіс» дейтін. Егер мен Лондонға барар болсам, ондағы көптеген лауазымды тұлғалар орыннан кетер еді. Сондықтан жол берген жоқ.

Қазақ боксында пара береді деген әңгімені көп естиміз. Бұл рас па?

– Егер әңгіменің жетегіне кете берер болсаң, шындықтан адасып қаласың. Өз басым біреудің пара беріп жатқанын көрген емеспін.

Қазақ: Қанат сен Астана арландары құрамына кіргенде саған қазақ елі үлкен үміт артып еді. Бірақ шыны керек жырғатпадың. Не болды бап келіспеді ма?

Сылтау айтсаң, айтар нәрсе өте көп.  Негізі адам өзінің   кемшіліктерін  мойындау керек. Қанша уақыт бойы жақсы нәтиже көрсеткеніммен, өзге түгіл өзімді-өзім әлі күнге толық тани алмай жатырмын. Әзірбайжандағы чемпионатқа дайындалу барысында «Astana Arlans» командасының біраз жаттығуынан қалып қойдым. Кінә іздеу керек болса өзімнен ғана іздеймін.  Алла бұйыртса, алда әлі де жарыстар болады. Сол жарыстарда өзімді дәлелдеймін.

Казығұрт: Ассалаумағалейкум, Қанат аға! Қытайдағы қандастарыңыздың жоғын жоқтаған кездеріңіз болды ма? Жалпы, оралмандар маселесінде шеттегі кеше өзіңді өсірген елдің мұң-мұқтажын атажұртқа айта алдың ба?

– Мен саясатта жүрген жоқпын. Бірақ спорт саласында жүрген Қазақстанға келгісі келетін азаматтардың Отанымызға оралуына ықпал етсем, әкеле алсам, соның өзі ұлтыма титтей де болса тигізген пайдам. Болашақта өмірлік жұмысымның бірі осы болар деп ойлаймын. Өкінішке орай, оралман дегенді қазақ жұртшылығы басқа ұлт ретінде қабылдап жатыр. Жақсы көретіндер де, жақтыра бермейтіндер де бар. Құлдық санасы басым кейбір адамдарда өзін-өзі жек көру, жан жағына жалтақтау, басқаға еліктеу сынды сезімдер болады. Дегенмен біздер «өзіңді-өзің жаттай сыйла, жат жанына түңілсін» деген қағиданы ұстануымыз керек.  Негізі тегі асыл азаматтар қандастарын дұрыс қабылдайды, «арам қандылар» теріс қабылдайды деп түсінемін. Ал түптеп келгенде бір-бірімізді қор санау қазақты масқаралаумен бірдей.

Тататуңға: Ассалаумагалейкум, бокстан басқа қандай өнерге қырыңыз бар?

–  Бокстан басқа өнерге қырым бар деп айту қиындау. Ауыл шаруашылығын соның ішінде мал шаруашылығын жақсы көремін.

Төле: «Арландар» сапында өнер көрсеттіңіз, кейде төрешілер жағынан әділетсіздікке ұшыраған кездеріңіз болды. Бұл әрине әркез болатын жағдай. Дейтұрғанмен мен байқасам сіз көбінде қарсыласыңызды нокаутпен жеңуге кулшынасыз. Бірақ қарсыласыңыз әдісқой немесе мықты болғанда бұл әдіс керісінше өнім беруі мүмкін. Бұл туралы не дейсіз?

– Әркімнің техникасы әртүрлі. Қарсыластарымды әрқашанда сыйлаймын, бассалып нокаутқа түсірем деп ойламаймын.  Рингте спорт, күш сынасу сияқты ғана ұғым болады. Рингтегі жігіттер барлығы бір-бір қойдың қалжасын жеген жігіттер. «Ананы былай қылам, мынаны бүйтем» дегенге келе бермейді. Спорттың аты спорт.

Ал әділетсіздік туралы айтар болсам, боксқа қадам басқаннан бері әділетсіздіктің түр-түрін көріп келе жатырмын. «Битке өкпелеп, тоныңды итке тастама» демекші, жеңіске немесе жеңіліске бола мойымаймын. Бір жеңіспен аспанға ұшып кете алмайтының секілді, жеңілгенге де мойынсал болып жерге кіріп кетпеу керек. Бұл жігіттікке сын. Жеңілсең жеңіске қарай ұмтыл, жеңсең тағы да жеңуге еңбек ет! Жеңіс пен жеңіліс өмірдің шындығы, заңы, талабы.

Астанадан: Қанат, бокстан кейінгі бағыт қалай? Ойланып жүрсіңбе ол туралы?

– Басты назарымда – ұлтымның тағдыры. Келешекке жоспар құрмаймын. Спорттан кетсем де, келгісі келген жігіттерді қолдаймын.

Иман: Дін талаптарын, Аллаһтың парыздарын қаншалықты орындап жүрсің?

Арғы аталарымыз діндар кісілер болған. Құдайға шүкір бес парызды орындауға тырысып, бес уақыт намазымызды оқып жүрмін.  Намазға жығылғаныма 4-5 жылдан асты. Әкем жеті жасынан бастап арабша оқыған.

Бір қырсық: Қанат қалталы әулеттің қызын алды деп естідім, сол рас па? Сосын, Бауыржан Оспанов нақты қандай көмек көрсеткенін білгім келеді?

– Атажұртыма алғаш келе салғанда жалғызсырағандай болдым. Содан үйленуге бел буып, «маған жар керек» деп бауырларыма қолқа салдым. Бастысы ата-анасы намаз оқитын мұсылмандар болсын деген тілегімді айттым.   Содан 3-4 қызбен кездесуге тура келді. Ақыры қазіргі жарыммен отбасын құрдым. Бірінші рет кездескенде көңіліме ұнағандықтан, екінші жолы бірден қыздың әкесімен жолықтым. Үшінші жолы құда жақтың мақұлдығын алып, үйлендік.

Бауыржан Оспанов маған ғана емес бүкіл қазаққа қамқор бола алатын азамат. Ол кісі қара басының қамын ойлап жүргендердің қатарынан емес.  Отанын тастап, шетелде қашып жүргендер бұл кісінің қолына су құймақ түгілі, аяғын сүртуге де жарамайды.

Қанат: Қанат Алла ұзақ ғұмыр берсін. Жұдырығың қарсыласыңа шойын болып тисін. Сен додаға кіргенде миллион қазақтың бірі ретінде тынысымды алмай,тақымымды қысып отыратын қазақтың бірімін!!!! Әрине өз ақылың өзіңе жетер жігітсің ғой. Дегенмен, қолғапты шегеге ілетін кез жетті деп ойламайсың ба?(күшім азайды-ау деп) арландар сапында биыл шынымен де жақсы ойын өрнегін көрсете алмадың!!! Капитандықтан ертерек бас тартуың керек еді, амал не?! Сенгеніміз селге кетті…Меніңше осындай елге сыйың тұрғанда үлкен спортпен қош айтысқаным жөн-ау еп ойламайсың ба?

– Маңдайыма жазылған  бұл да бір тағдыр. Мен ертең жеңетінімді немесе жеңілетіндігімді білмеймін. Бірер жеңіліс үшін бокспен қоштасар болсам, мен бастамай жатып-ақ аяқтап тастап кетер едім. Спортшыға сын көтере алмау, жеңілістің ащы дәмін көтермеу жараспайды. Әзірге боксты тастамаймын.

Рушыл:  Қай туғансын Қанат?

– Қазақпын.

Бек: Ассалаумағалайкум, сізге Алла медет берсін! Шәкірт тәрбиелейсізбе?

– Шәкірттерді әзірге әкеліп жатырмын. Болашақта тәрбиелейтін шығармыз. Туған ағам жаттықтырушы болғаннан кейін кейбір боксшыларды жарыстарға қатыстырып жатырмыз. Жақында ғана бір оқушысы үшінші орынды иеленді.

Zevs: Боксты таңдағаныңызға өкінген кезіңіз болды ма? Жеке отбасыңыздың өміріне қауіп төнген кез басыңыздан өтті ме? Айта отырсаңыз

– Боксты таңдағаныма өкінген кезім болған жоқ. Отбасыма қауіп төнген кез болмады. Құдай сақтасын!

Діншіл: Соңғы кездері бокста жолыңыздың болмай журуіне кайын жұртыңыздың катысы бар ма  немесе дін жолын қатты ұстанып кеткен жоксыз ба?

–Олардың менің кәсібіме ешқандай қатысы жоқ. Алға қарай жетелемесе, артқа тартпайды.

Казақбай:Тоқал алу ойда бар ма? Қазаққа сіз сияқты азаматтардан көп ұрпак керек кой!

– Қазірге ондай ой жоқ. Келіншегім өзі он ұл тауып беремін деп отыр(күліп).

Анар: Мен сізге ғашыкпын, Қанат аға! Қазақтың қанша қызына жар бола алам деп ойлайсыз? Шын айтам, түсімде жиі көрем…

- Қанша қызға жар бола алатынымды білмеймін. Ниеттеріңе рахмет! Алла разы болсын!

Жалпы, мен маххаббат деп жүрер болсам, боксты тастап кетуге тура келеді. Маххабат деген екі жастың бірі-біріне деген адал сезімі мен шын құрметі және сыйластығы. Бір жаттықтырушым: «Үйленіп болғаннан кейін де жақсы көріп қалады екенсің» деуші еді. Бірақ, махаббат түсінігін ер азамат жігіт ретінде дұрыс қабылдау керек. Ананы жақсы көреді екем деп анаған, мынаны сүйеді екем деп мынаған жүгіру дұрыс емес.

Әсен: Лондон олимпиадасына қатыса алмағаныңызға өкінесіз бе?

– Ия, өкінемін. Сонау шет елден үлкен мақсатты көздеп келгенде арманыңа бір қадам жетпей қалғанда қалай өкінбессің?!

Балбота: «Астана арландырының» болашағы бұлыңғырлау сияқты. Ендігі бағытыңыз қалай болады?

– «Астана арландарының» барлық жаттықтырушылары жаңалану керек деп ойлаймын. Сонда ғана оң нәтиже болатын шығар. Ал командадан кету деген мәселе бір жыл бұрын шешілген.

Дүйсенәлі Шәмек: Бір ұлттың өкілі ретінде халықаралық додаға түсу қаншалықты қиын?

– Бастысы көп еңбек ету. Себебі ұлттың намысын арқалау өте қиын.

Қаба қыраны: Қанат бауыр, амансың ба? Қайда жүрсеңде аман бол! Мен өзіңнің туған жерің Қаба ауданынан боламын. Өзіңді кішкене кезіңнен көріп жүремін. Сонда Қабаға туысшылап келіп тұрасың ба? Келіп тұруыңды шын жүректен тілейміз.

– Ия, бұйыртса барып тұрамын. Өйткені Қаба менің туған жерім. Қазірге Қытай елі ол жақтағы азаматтық тіркеуімнен шығара қойған жоқ. Оның үстіне мұндада тынымсыз тірлік. Туған жерге қайырылмай кету мүмкін емес. Құдай қаласа, сол жақтағы туыс-туғандардың жүздерін көріп, бір шәй беріп қайту ойымда бар.

Рысгүл: Боксшылардың ішіндегі жақын достарыңыз кімдер? Қатарластарыңыз дегендей... Кәсібіңіздегі идеалыңыз кім? Оқырманға айтар тілегіңіз!

–  Мұхтархан Ділдәбеков ағамнан бастап, Қазақстандағы біраз жігіттермен аға-бауырдай араласамын. Өйткені, біз көптеген қиыншлықтарды бірге өткіздік. Жеңіп қуанғанда, жеңіліп қайғырғанда бір-біріміздің жанымызда болғанбыз.

Менің идеалым - Бейбіт Шүменов.  Одан басқа мықты боксшылар бар емес пе деп жатады. Өзгенікі бізге керек емес. Алаш баласын ұлықтап, ардақ тұта алмасақ, бізді ешкім сыйламайтын болады.

Бастап жатқан жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Оқырмандарда аңғарған болар, ешкім қара басын ойлап, сайт ашқан жоқ. Көздеген мақсатымыз, ойға алған биігіміз – тек қана қазақтың мүддесі. Бар қазақтың қамын ойлайтын ұл-қыздарымыз көбейсе ғана байқуатты ел бола аламыз.

  Әзірлеген Рысгүл Рамазанова

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 6 жыл бұрын

    Ассалаумағалайкум, Қанат. Қазақ елі сізге әрқашан тілектес, дегенмен АҚШ-қа кететініңіз рас па?

    • 6 жыл бұрын

      Қанат бауырым, жеңіс тілеймін! "Арландардың" соңғы жеңілісінің сыры не де?

      • 6 жыл бұрын

        Ассалаумағалейкүм! Қанат аға! Туған жеріңіздегі қазақ қандастарымыздың арасынан әлі сіздей таланттар көп шығатыны анық! Үкілеген үміті сіз болып жүрген Қытайлар сіз ата мекеніңізге тартып отырғанда арттағы қандас бауырларыңызды додаға шығаруды тоқтатыпты деп естідік, Сіз елге келмей тұрып ақ қазақтың мақтанышына айналағн азаматсыз, ата мекенге оралуыңыз біраз бауырларыңыздың бағын байлап кеткен жоқпа?

        1
        Желтоқсан көтерілісінің айбынын асыруға не кедергі?
        11/12 22:33 0 287
        2
        Туғанына 100 жыл болған Қасым Қайсенов туралы естеліктер (фото)
        11/12 22:08 0 214
        3
        Атақты "Титаникті" орындаған Димаш сахнаны жарды (видео)
        11/12 21:45 1 15950
        Тұйыққа тірелген тергеу ісінің артында түріктер тұр ма?
        11/12 15:30 0 914
        Түрікменстанда 2019 жыл Доңыз жылы деп аталмайтын болды
        11/12 13:02 0 818
        Президент халықтың әл-ауқатының төмендеуіне өзін кінәлады
        11/12 12:03 0 4718
        Айгүл Шаимова тараздық кәсіпкерлермен кездесті
        11/12 11:10 0 220
        Телефонсыз қалам демесеңіз, IMEI-кодын тіркеуге асығыңыз
        11/12 10:59 0 2284
        "Тілім үшін өлемін, басқасын да аямаймын" деген Руза Бейсенбайтегі бүгін жалғыз емес
        11/12 10:29 2 7761
        Нәбижан Мұхаметханұлы: Қазақстанның осы күнге жететінін Қытайда жүргенде білгенмін
        10/12 16:31 11 6048

        Таныстырылғандар

        17 жыл бұрын Елбасының батасын алған студент кім?
        17 жыл бұрын Елбасының батасын алған студент кім?
        17 жыл бұрын Елбасының батасын алған студент кім?
        Абылай Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебін тәмамдаған.
        01/12/2018 17:08 0 1353
        Қазақстанда үздік Бизнес-ханымдар анықталды
        Қазақстанда үздік Бизнес-ханымдар анықталды
        Қазақстанда үздік Бизнес-ханымдар анықталды
        Байқауға қатысқандардың барлығы да ерекше әрі сұлу
        01/12/2018 19:27 0 1815
        Өзбекстанға қашып кеткен автобустың иесі ұсталды
        Өзбекстанға қашып кеткен автобустың иесі ұсталды
        Өзбекстанға қашып кеткен автобустың иесі ұсталды
        Биыл қаңтарда Ақтөбе облысында өртеніп, 52 адам ажал құшқан автобустың иесі – Қазақстан азаматы Өзбекстанда ұсталған
        02/12/2018 13:52 0 1363
        Көпшіліктің сынына ұшыраған "депутатқа" қатысты Астана қаласының әкімшілігі пікір білдірді
        Көпшіліктің сынына ұшыраған "депутатқа" қатысты Астана қаласының әкімшілігі пікір білдірді
        Көпшіліктің сынына ұшыраған "депутатқа" қатысты Астана қаласының әкімшілігі пікір білдірді
        Бұл ақпарат көбіңіздің көңілдеріңізді түсіруі мүмкін.
        03/12/2018 11:39 0 8179
        Өзбекстандықтар түсірген "Абай сөзі" фильмінің тұсауы кесілді
        Өзбекстандықтар түсірген "Абай сөзі" фильмінің тұсауы кесілді
        Өзбекстандықтар түсірген "Абай сөзі" фильмінің тұсауы кесілді
        Ташкентте өзбекстандық кинематографтар түсірген «Абай сөзі» атты деректі фильмнің тұсауы кесілді
        03/12/2018 14:28 0 1072
        Мұхамеджан Тазабек жаңа кітабының таныстырылымын өткізеді (фото)
        Мұхамеджан Тазабек жаңа кітабының таныстырылымын өткізеді (фото)
        Мұхамеджан Тазабек жаңа кітабының таныстырылымын өткізеді (фото)
        Аталмыш шара Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада сағат 15:00-де өтетін болады.
        03/12/2018 20:52 0 1423
        Қазақстандық ІТ команда халықаралық байқауда үздіктер қатарынан көрінді
        Қазақстандық ІТ команда халықаралық байқауда үздіктер қатарынан көрінді
        Қазақстандық ІТ команда халықаралық байқауда үздіктер қатарынан көрінді
        Ендігі кезекте қазақстандық команда 2019 жылғы сәуір айында өтетін әлемдік финалға жолдама алды
        04/12/2018 17:30 0 1140
        Қайрат Қожамжаров  Қырғызстанның Бас Прокурорымен кездесті
        Қайрат Қожамжаров Қырғызстанның Бас Прокурорымен кездесті
        Қайрат Қожамжаров Қырғызстанның Бас Прокурорымен кездесті
        Әріптестер ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтудың және шарттық-құқықтық базаны кеңейтудің аспектілерін талқылады.
        05/12/2018 12:57 0 721
        Елордада «Астанам, сенсің айбарым» атты республикалық ақындар айтысы өтеді
        Елордада «Астанам, сенсің айбарым» атты республикалық ақындар айтысы өтеді
        Елордада «Астанам, сенсің айбарым» атты республикалық ақындар айтысы өтеді
        Жыр жәрмеңкесін «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының» Басқарма төрағасы Жүрсін Ерман жүргізеді.
        05/12/2018 19:10 7 982
        Айдос Сарым: Қазақ интернеті  намыстан жаралған
        Айдос Сарым: Қазақ интернеті намыстан жаралған
        Айдос Сарым: Қазақ интернеті намыстан жаралған
        "Сын айтқан сайт жабылып қалатыны шындық қой, сосын кеп асыра мақтаймыз билікті", - деп қалды Сарым
        06/12/2018 11:17 0 2063
        Қазақ тілінде көмек  сұрағаны үшін ажал құшты
        Қазақ тілінде көмек сұрағаны үшін ажал құшты
        Қазақ тілінде көмек сұрағаны үшін ажал құшты
        Ақтөбе облысында 24 күн бұрын жоғалып кеткен Кенжебай Алдашевтің өлі денесі Ақшат ауылы маңынан табылды.
        06/12/2018 12:43 0 27537
        Астанада Заманауи Қазақстан суретшілері иллюстрациялаған каталогтың тұсаукесері болып өтті
        Астанада Заманауи Қазақстан суретшілері иллюстрациялаған каталогтың тұсаукесері болып өтті
        Астанада Заманауи Қазақстан суретшілері иллюстрациялаған каталогтың тұсаукесері болып өтті
        2018 жылдың 7 желтоқсанында Астана Ұлттық академиялық кітапханасында  Заманауи Қазақстан суретшілері иллюстрациялаған каталогтың тұсаукесері болып өтті
        08/12/2018 12:20 0 344
        Жыл патриоттары анықталды
        Жыл патриоттары анықталды
        Жыл патриоттары анықталды
        Салтанатты шараға Қазақстанның барлық өңірінен 200 делегат қатысты
        05/12/2018 18:12 0 602
        Телефонсыз қалам демесеңіз, IMEI-кодын тіркеуге асығыңыз
        Телефонсыз қалам демесеңіз, IMEI-кодын тіркеуге асығыңыз
        Телефонсыз қалам демесеңіз, IMEI-кодын тіркеуге асығыңыз
        Телефоныңыздың IMEI-кодын тіркеп үлгеруіңізге 20 күн қалды.
        Аудио тыңдау
        11/12/2018 10:59 0 2284
        Президент халықтың әл-ауқатының төмендеуіне өзін кінәлады
        Президент халықтың әл-ауқатының төмендеуіне өзін кінәлады
        Президент халықтың әл-ауқатының төмендеуіне өзін кінәлады
        Сонымен қатар, президент төмен жалақы алатындар мен зейнеткерлерге салық салмағын салмауға уәде етті.
        Аудио тыңдау
        11/12/2018 12:03 0 4722