• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:02:50
Алматы
+35°

16 Маусым, 2017 NEWS

Қанат Ислам Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбекке чемпиондық белбеуін тарту етті

Кəсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбекке чемпиондық белбеуін тарту етті деп хабарлайды

Кəсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбекке чемпиондық белбеуін тарту етті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

"Спортқа жанашырлығыңыз бен жарқын болашақ үшін жасап жүрген еңбегіңізге ризашылық білдіріп, інілік көңілмен сізге осы белбеуді сыйлаймын"- деді Қанат Ислам.  

Белбеуде "Бауыржан Байбек ағама Қанат Исламнан естелік" деген сөз қашалып жазылған.  Қала əкімі ЭКПО-2017 көрмесі аясында өтетін байрақты бəсекеде Қанат Ислам жеңіске жетіп, қазақ еліне тағы да қуаныш сыйлайтынына сенімді екенін айтты. Бұл туралы боксшының пиар-менеджері Берік Сұлтан өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы əкімдігі Қанат Исламның АҚШ-та өткен жекпе-жегінің бас серіктесі болды. Сондай-ақ 2016 жылы "Алматы аренада" өткен ұмытылмас керемет кешке де Алматы қаласы əкімі Бауыржан Байбек қолдау көрсеткен еді. Жақын күндері "QAZAQ" командасы БАҚ өкілдері үшін арнайы баспасөз маслихаты ұйымдастырылады" деп жазды Берік Сұлтан.

Айта кетейік, қала әкімі Бауыржан Бәйбек белгілі боксшы Қанат Исламды қабылдап, жеңісімен құттықтады. 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір