• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:02:11
Алматы
+35°

30 Қаңтар, 2018 Саясат

Qamshy.kz порталы ОҚО әкіміне хат жолдайды

Qamshy.kz ақпарат агенттігі ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевқа ресми сауал жолдады.

2018 жылы 22 қаңтарда Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжановқа орысша сөйлемегені үшін ескерту жасады. Онымен қоймай, өзі қойыртпақ тілде сөйлеп, қатты сынға ұшырады. Сауранбаевтың бұл әрекетіне қатысты Qamshy.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімдігіне ресми сауал жолдады. Әзіл-шыны аралас жазылған үшбу хат сайтымызда да жарияланды. Алайда жауап қатқан ешкім жоқ. Осыған орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевқа бірнеше сұрақ қойғанды жөн көрдік.

Құрметті Жансейіт Қансейітұлы!

  1. Нұрлан Сауранбаевтың тіл туралы сөйлеген сөзін облыс басшысы ретінде сіз қалай түсіндіресіз?
  2. Сауранбаев орысша сөйлемеген аудан әкіміне көптің көзінше ескерту жасады. Ал мемлекеттік тілді қорлаған Сауранбаевқа қандай да бір шара қолданылғанын естімедік. Неге?
  3. Нұрлан Сауранбаевқа сауал жолдағанымызға бір аптадан асты. Әлі жауап келген жоқ. Бұл Шымкент әкімінің БАҚ өкілдерімен санаспағаны ма, әлде қызметіне салғырт қарағаны ма?
  4. Сіз қазақ тілінің білгірісіз, көптеген оқулықтың авторысыз. Филология ғылымдарының докторы, профессор ретінде мұндай шенеуніктердің мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне қалай қарайсыз?
  5. Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қызметтен кетуін сіздің тағайындалуыңызбен байланыстыратындар бар. Облыс орталығының әкімін ауыстыруға не себеп болды?
Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір