«Қалаулымға» бақыт іздеп барып, қылмыскер атанды:Қытайдан келген Қайраттың 24 сағаттағы оқиғасы

«Қалаулымға» бақыт іздеп барып, қылмыскер атанды:Қытайдан келген Қайраттың 24 сағаттағы оқиғасы
Ⓒqamshy.kz

2009 жылы Қытайдан қоныс аударып келген 28 жастағы Қайрат Самарқанның махаббатта жолы болар емес. Қытайда жүрген кезінде-ақ соры бес елі болған жігіт өз Отанындағы қандас бауырларына алданып қалдым деп отыр. Жүрегінің жартысын еліміздегі атышулы «Қалаулым» бағдарламасы арқылы таппақ болып, ақыр соңы «қылмыскер» деген атқа ілігіп, басы дауға қалыпты. Айтуынша, эфир аяқталған соң бағдарлама қызметкерлері жігітті студияға жақындатпай қойған. Оған себеп – Қайрат Қытай мен Қазақстан арасына іріткі салды деп айыпталуы.

Қайрат Самарқан «Қалаулым» бағдарламасына не айтты? Эфирдің YouTube арнасындағы нұсқасына көз жүгіртейік.

Айтуынша, Қытайда жүрген кезінде әке-шешесі жоқ жігіт бөтен кісілердің артынан еріп кете барады. Олар Қайратты алдап, Қытайдың Гуанжоу қаласына апарды. Сөйтіп аяғына дәрі егіп,  тобығын қылышпен шауып тастайды. Мақсаттары – Қайратты қайыр тілеуге жіберу. Осылайша Қайраттың алты жылы қайыр тілеумен өткен. 2006 жылдары балаларға қайыр тілетіп отырғанда полиция ұстап, ауылына қайта келген. Алайда ауылдастары мұны танымайды, тіпті 6 жыл бұрын өлдіге санап, жаназасын шығарып та тастаған екен. Бұдан соң Қайрат Үрімшіге қайтады, жұмыс істейді. Жұмыс істеп жүріп Отаны Қазақстан екенін біледі. 2009 жылдары Отанына оралуға бел буады.

Бұл – Қайраттың Қазақстанға келгенге дейінгі Қытайдағы өмірі, өз шындығы. Алайда басынан өткен қиындықтарды халық алдында, әсіресе өзін үміткер ретінде ұсынып отырған ару Ақтотыға тайсалмай айтсам деген ниетінің соңы үлкен дауға әкеп соққан. Қайраттың айтуынша, «Қалаулым» бағдарламасы «Қазақстан мен Қытай арасына іріткі салды» деп оған жала жапқан. Алайда Қайраттың өзі полицияға шағымданбақ болған. Неге? Қайрат Самарқан Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне небәрі 24 сағатта басынан өткерген оқиғаны былай баяндады.

«Қалаулымның мақсаты – тек қана шоу. Мен онда «бақытымды тапсам екен» деген адал ниетпен бардым. Жүрегімнен шыққан сөздерді, шындығымды айттым, ештеңе жасырған жоқпын. Бірақ олар таңертең мені студияға шақырды да, ойынды өзгертті. Олардың ойлары мынадай: «Қайрат үкіметке қарсы шығып жүр, осындай негізбен Ақтоты екеуінің араласып, жақындасып кетпеуін қадағалайық». Ал менің, шын мәнісінде, ондай ойым болған емес. 11 желтоқсан күнгі эфирден кейін кешкісін Ақтотымен кездесуіміз керек болған. Тіпті сағат 18:00-ге кафеден орын белгілеп, қызбен кездесер сәтті асыға күтіп жүрдім. Ол да мені күтетінін, дайын отыратынын жазды. Бірақ арада 20 минут өткен соң Ақтоты інісі ауырып қалғандықтан, кездесе алмайтынын жазды. Мұнда бір гәп барын бірден аңғардым.

Сөйтсем, әлгі бағдарламадағы көмекші жігіт Ақтотыға «менімен араласпасын, кездеспесін» деп айтып жіберген. «Ол үкіметке қарсы шыққан, кездесуге барма» деген. Мен де өз дегенімнен қайтпадым, Ақтотыға ертең кездесетінімізді айттым, студияда сөйлесіп, бәрін шешеміз деп ойладым. Барғанымда түрік режиссер мені шақыртып, Ақтотымен сөйлесуіме қарсы екендігінді айтты. Маған «үкіметке қарсы сөйледің» деді.  Мен айтқан сөздеріме халықтың өзі куә екенін айтып, бой бермедім. «Істеп отырғандарыңның бәрі ойын» деп ашық айттым. Бұдан кейін эфирге қатыспасам, қатыспайын, режиссерден Ақтотымен кезігуді тағы өтіндім. Рұқсат бермеді. Сонда істейтін қазақтың жігіттері өзіме бас салды. Айтқанымнан қайтпай тұрған мені жағамнан алды. Бірнеше жігіт жалғыз тұрған маған шабуылдай бастады. «Қалаулымдықтардан» зардап шеккен мен өз құқығымды қорғамақ ниетте полицияға жүгіндім. Полицейлерді студияға шақыртып, бар жағдайды айтып бердім. Бірақ бағдарлама қызметкерлері де үнсіз қалмады. Мені «екі ел арасына іріткі салушы» деп айыптай салды. Не керек, полиция «Қалаулымның» сөзін сөйледі де, мен бөлімшеден бір-ақ шықтым. Назарбаевқа, үкіметке қарсы ештеңе айтпағанымды дәлелдегім келді, сенбеді, куәгер сұрады. «Дәлелім болмаған жағдайда, үкіметке қарсы шықты» деген айыппен сотталатынымды айтты. Оның үстіне бұрындары Қытайда істі болғанымды алға тартып,  қылмыскер етіп қойды. Алайда заң бұзатындай, мемлекетке қарсы ешбір әрекетке барған емеспін. Қытайдағы жағдай мен өз Отанымдағы жағдайды салыстыруға да келмейді.

Темір тордан қорқып тұрған мен жоқ, ең бастысы - ниетім таза. Тек мені алдап соққан, ойыншық еткен «Қалаулым» бағдарламасына деген өкпем қара қазандай, зығырданым қайнады. Тікелей эфирден бәрін тыңдап-біліп отырған халық не дейді? «Ақтотыға өзі келіп, өзі қашып кетті» демей ме? Мен де намысты адаммын. Ал енді өзімді ақтап шығуым үшін ертең полицияға куәгер апаруым керек екен», - деп баяндады оқиғасын Қайрат.

Бір айта кетерлігі, Қайрат эфирге шықпас бұрын бағдарламаның арнайы келісімшартқа қол қойған екен. Келісімшартқа сәйкес, қатысушы «Қалаулым» жайлы бірде бір журналистке сұхбат бермейді. Аузын ашқан жағдайда 500 000 теңге айыппұл төлеуге тиіс. 500 000 теңгесі жоқ болса да, Қайрат халыққа шындықты жеткізгісі келеді.

«Егер келісімшартқа отырмағанымда, айтарым бұдан да көп еді...  Шыны керек, сотталып кеткенім тіпті жақсы. Өзімнің жағдайымды айтқаныма кінәлімін бе? Егер соттаймын десе, тергесін, соттан-сотқа жүгірейін. Бірақ бәрін халық көрді», - деген жігіт бағдарламаға барғанына өкінішін білдірді. Себебі «бәрі пиар үшін ұйымдастырылған» деген ойдан арыла алмады.

«Не мен сотталамын, не «Қалаулымды» тоқтатамын! Қамаса қамасын, шыдаймын. Намысты ермін! Қытайдан келгендер қашанғы қылмыскер атана береді? «Қалаулымда» айтқандарымның барлығы дерлік шындық. Кімнен нені жасырамын?», - деп Қайрат Самарқан сөзін қорытындылады.

12 желтоқсан кешке таман Қайраттан тағы бір хабар келді. Студиядағы қызметкерлердің жұдырық ала жүгіруінен оның денсаулығына нұқсан келген екен. Анығын айтқанда, кеуде тұсына зақым келген.

Қайрат Самарқан

Қайрат Самарқан

Қайрат Самарқан

Қайрат Самарқан

Бұл фотоларды Қайрат Алматыдағы №7 қалалық ауруханадан whatsapp арқылы жіберді.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 4 ай бұрын

    Бұл жігт өтірік айтып отырған жоқ, қытайлар ақша табу үшін бәрін істей алады, алыс ауылдағы балаларды ұрлап, алдап әкетіп, қол-аяғын шауып үлкен қаланың бүріш-бұрышына қайртылетіп отырғызған заман болған. Қазір азайып қалды, осы жәйінда түсірген кинолары бар.
    https://www.youtube.com/watch?v=j10wex_lTAk

    • 4 ай бұрын

      Өз елінде тұрып жетім қозының күйін кешкен қайратым-ай, жетімін панасына ала алмаған жалтаққой билігім-ай.......

      • 4 ай бұрын

        ءبىر سورى ارىلماعان ازامات بولدى اۋ

        1
        Қасым-Жомарт Тоқаев лингвистикалық емтиханды қалай тапсырды?
        23/04 22:02 0 77
        2
        "Парасатты тұлға" - Мұхтар Құл-Мұхаммед Тоқаев туралы пікір білдірді
        23/04 18:42 2 231
        3
        Тұрсынбай Құлахмет Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды (видео)
        23/04 15:47 0 189
        Samsung компаниясы Galaxy Fold моделін шығаруды уақытша шегерді
        23/04 15:35 0 115
        Елбасы Nur Otan сьезінде көзіне жас алды (видео)
        23/04 14:58 0 324

        Таныстырылғандар

        40 жастағы ер адамды жүк көлігі қағып өлтірді (видео)
        40 жастағы ер адамды жүк көлігі қағып өлтірді (видео)
        40 жастағы ер адамды жүк көлігі қағып өлтірді (видео)
        Mercedes-Benz Sprinter 40 жастағы ер адамды қағып кетті
        15/04/2019 09:23 0 1513
        Жас тілшілер жедел ақпарат жазып, бағын сынады
        Жас тілшілер жедел ақпарат жазып, бағын сынады
        Жас тілшілер жедел ақпарат жазып, бағын сынады
        Екі күнге созылған білім додасына еліміздің әр аймағынан 17 команда қатысып отыр.
        16/04/2019 11:07 0 653
        Елімізге белгілі еңбек сіңірген қайраткер өмірден озды
        Елімізге белгілі еңбек сіңірген қайраткер өмірден озды
        Елімізге белгілі еңбек сіңірген қайраткер өмірден озды
        Қазақ руханиятына жасаған адал қызметі ешқашан ұмытылмайды... - деп жазады министр
        16/04/2019 10:18 0 991
        Жүйріктер топқа түсті
        Жүйріктер топқа түсті
        Жүйріктер топқа түсті
        Шын жүйрікке шаршы алаңда тұсау жоқ.
        16/04/2019 11:15 0 251
        СҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
        СҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
        СҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
        СҚО әкімінің орынбасары тағайындалды
        16/04/2019 18:59 0 516
        Бейімбеттің сөзі, Ахаңның көзіндей аңқылдаған азамат еді...
        Бейімбеттің сөзі, Ахаңның көзіндей аңқылдаған азамат еді...
        Бейімбеттің сөзі, Ахаңның көзіндей аңқылдаған азамат еді...
        Ұлттың ұлы ұмытылмайды.
        17/04/2019 09:38 0 381
        «Баспана Хит» бағдарламасының жылдық пайызы арзандады
        «Баспана Хит» бағдарламасының жылдық пайызы арзандады
        «Баспана Хит» бағдарламасының жылдық пайызы арзандады
        Азаматтардың ай сайынғы төлемдерін есептеуіне қолайлы болуы үшін Баспана Хит ипотекалық калькуляторы іске қосылды
        17/04/2019 11:02 0 426
        Үлкен тұрғындары АЭС-ті асыға күтуде. Неге?
        Үлкен тұрғындары АЭС-ті асыға күтуде. Неге?
        Үлкен тұрғындары АЭС-ті асыға күтуде. Неге?
        "Негізі, өмір сүруге болады, - дейді тұрғындар. – Шынын айтқанда, біз үйреніп кеттік".
        17/04/2019 11:48 1 627
        Жетісайдағы жауыздық: қылмыстық іс қозғалды (Видео)
        Жетісайдағы жауыздық: қылмыстық іс қозғалды (Видео)
        Жетісайдағы жауыздық: қылмыстық іс қозғалды (Видео)
        Аталмыш іс ҚР Бас прокуратурасы, Ішкі істер департаменті мен Білім және ғылым министрлігінің жеке бақылауына алынды.
        17/04/2019 13:13 0 1056
        2000 теңге пара беремін деп 505 000 теңге айыппұлға ілінді
        2000 теңге пара беремін деп 505 000 теңге айыппұлға ілінді
        2000 теңге пара беремін деп 505 000 теңге айыппұлға ілінді
        Қызылорда қаласында полицейге 2000 теңге сыйақы бергені үшін автокөлік жүргізушісіне 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды
        17/04/2019 18:04 1 1174
        Азат Перуашев Гүлшара Әбдіқалықоваға хат жолдады
        Азат Перуашев Гүлшара Әбдіқалықоваға хат жолдады
        Азат Перуашев Гүлшара Әбдіқалықоваға хат жолдады
        Азат Перуашев Үкіметке тарихи атаудың қайтарылуына дәлелдер келтірді
        18/04/2019 11:06 2 1042
        11 жастағы қыздың анасы: "Мамам мені қылғындырды..." деп үстімнен арыз жазды
        11 жастағы қыздың анасы: "Мамам мені қылғындырды..." деп үстімнен арыз жазды
        11 жастағы қыздың анасы: "Мамам мені қылғындырды..." деп үстімнен арыз жазды
        Туған қызым менен теріс айналды, сөйлескісі келмейді
        19/04/2019 13:23 0 1177
        Бәзілбаев бесінші рет президент сайлауына түспек
        Бәзілбаев бесінші рет президент сайлауына түспек
        Бәзілбаев бесінші рет президент сайлауына түспек
        Жиын кезінде Бәзілбаев сайлауалды бағдарламасымен таныстырды
        19/04/2019 16:17 1 833
        Қытайдың Далянь қаласындағы жарылыс: арнайы өкілдер мәлімдеме жасады
        Қытайдың Далянь қаласындағы жарылыс: арнайы өкілдер мәлімдеме жасады
        Қытайдың Далянь қаласындағы жарылыс: арнайы өкілдер мәлімдеме жасады
        Далянь қаласында орналасқан химиялық зауыттың жарылғаны туралы ақпарат қаншалықты рас?
        22/04/2019 11:20 0 568
        Қасым-Жомарт Тоқаев лингвистикалық емтиханды қалай тапсырды?
        Қасым-Жомарт Тоқаев лингвистикалық емтиханды қалай тапсырды?
        Қасым-Жомарт Тоқаев лингвистикалық емтиханды қалай тапсырды?
        Екінші тапсырма бойынша үміткер жазушы Шерхан Мұртазаның «Мыңбұлақ» кітабынан үзіндіні эмоционалды түрде, мәнерлеп, дауыстап оқып шықты.
        23/04/2019 22:02 0 79