• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:34:46
Алматы
+35°

04 Наурыз, 2018

Қалаулым қасіреті: Біреулердің саясаты «Қалаулым» (видео)

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің бағдарлама туралы пікірінен кейін өнер адамдарымен бірге әлеуметтік желі қолданушылары да ашық пікір білдіре бастады.

Әлеуметтік желіде «Қалаулым қасіреті» атты Тағайбек Тұрысбектің өлеңі қызу талқыға түсті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталған шоу-бағдарлама туралы түрлі пікір бар. Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің бағдарлама туралы пікірінен кейін өнер адамдарымен бірге әлеуметтік желі қолданушылары да ашық пікір білдіре бастады. 

Қалқасында қалып қоймай мазақтың,

Мақсатымыз ар-ұятты азайтпау.

Қырық үйден тыйым көрмей қазақтың

Қыз Жібегі Төлегенге сөз айтты-ау.

 

Бірі ойсыз, бірі қызба, ұшқалақ,

Қарау сірә мүмкін емес шошымай.

Біздің қазақ бет жыртысып үш сағат

Қалаулысын іздеп пе еді осылай?!

 

Тек танылу шіркіндердің ойымы

Елемейді артса дағы кім кінә

Құндылықты құрбан еткен тәйірі,

Мынандай шоу қажет па еді ұлтыма?!

 

Тәрбиемен тәлім болмай өзекте,

Құрды мына құмар пенде қорланып.

Қара бастың қамын күйттеп боз өкпе

Нар алаштың мұңын қайтсін толғанып?!

 

Жолы көп қой ұлт азығын тонаудың,

Ал тоналса басшылардың кінәсі-ау.

Біреулердің саясаты Қалаулым,

Біреулердің құрбандығы мына шоу.

 

Өзі індет болып келген, өзі дау,

Кетсе екен сор «Қалаулым» төрімнен.

Көнбіс қазақ көндіксе де қажыды-ау,

Экраннан ессіздікті көруден.

 

Жанымызды жақсылықпен жылытпай,

Жүйкемізге тие берер мұңды ызғар.

Ұлы дала заңын сірә ұмытпай,         

Ұлтты ойлайтын азаймасын ұл-қыздар.

Еске сала кетсек, «Қалаулым» бағдарламасы 25 сәуірге дейін жабылады деген ақпарат әлеуметтік желіге жарияланды. Алайда «Еуразия» бірінші телеарнасы бас директорының орынбасары, экс-сенатор Светлана Жалмағамбетова «Қалаулым» бағдарламасының жабылмайтын айтқан болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір