• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:46:05
Алматы
+35°

07 Қараша, 2018 Аймақтар

Қағазбастылықтан арылу – дәрігерлер мен пациенттердің уақытын үнемдейді

Қағазбастылықтан арылу – дәрігерлер мен пациенттердің уақытын үнемдеп, бірқатар экономикалық тиімділіктер береді

Бүгінгі таңда Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы кедергілер мен мәселелерді жою мақсатында құжат айналымдарын электронды форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде.  Өйткені, қағазбастылықтан арылу – дәрігерлер мен пациенттердің уақытын үнемдеп, бірқатар экономикалық тиімділіктер береді. Осыған орай, 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап бүкіл Қазақстанның медицинасы электронды форматқа көшіріледі.

Қазіргі көрсеткіштерге сүйенсек, еліміздің 8 аймағындағы емханаларда қағазсыздандыру жұмыстары атқарылуда. Осы жөнінде арнайы пилоттық жоба да бар. Елімізде электронды денсаулық сақтау паспортына көшіру шаралары қарқынды жүргізілуде.

Белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін медициналық орталықтардың мамандары тер төгуге мәжбүр болды. Бұл жүйенің ерекшелігі сол дәрігерлер бұрыңғыдай әр емделушіден сырқатнамасын сұрап әуре болмайды. Неге десеңіз, пациент туралы барлық мәлімет базада сақтаулы тұрады. Ол үшін ақ халаттылар науқастың жеке куәлігіндегі штрих-кодын сканер арқылы немесе картридер арқылы компьютерге оқыту қажет. Осылайша, емделушінің денсаулығы бойынша ақпаратына қол жеткізеді.

Электронды денсаулық паспортының басты пайдасы – бұл дәрігерлердің науқастың сырқатнамасымен жылдам танысуы және оның арқасында кенеттен келген науқасқа дұрыс ем жүргізе алуында. Бұл медициналық қателіктерге жол бермейді. Сондай-ақ, ауруын жасыратын адамдар да енді ондай қадамға бара алмайды. Себебі, барлық дұрыс дерек қорда тұрады. Айта кететіні, бұрыңғы тәсіл екі тараптың да көп уақытын алатын (дертін сұрау, оны қағазға түсіру). Ал қазіргі тәсіл бірден ем жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.

Ел халқының өмір деңгейін арттыруға бағытталған шаралар кешенінде денсаулық сақтау саласы маңызды компоненттердің бірі болып табылады.

Медициналық қызметтердің сапасын арттыру электрондық денсаулық сақтау саласын басымды дамытуды және қағазсыз құжат айналымына өтуді талап етеді.

Осылайша, медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуді енгізу аясында қазіргі уақытта 121 форманың 64-і электрондық форматқа көшірілді. 727 өз бетімен жұмыс жүргізетін медициналық ұйымның 674-інде медициналық құжат электрондық форматта жүргізіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге толықтай өтеді.

Бүгінгі күні денсаулық сақтау ұйымдарының 99%-ы медициналық ақпараттық жүйелермен жабдықталған, медициналық жұмысшылардың жұмыс орындарының 90,8%-ы компьютерлермен жабдықталған. ­­­­­

Медициналық ақпараттық жүйелер денсаулық сақтау ұйымдарының бизнес-процестерін цифрландыруды және электрондық денсаулық төлқұжатын қалыптастыру үшін қажетті ақпаратты жинауды қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезеңде цифрлық сауаттылықтың 546 бекеті құрылды, онда халықты цифрлық дағдыларға оқыту жүргізілуде. Бүгінгі күні мобильдік медициналық қосымшалардың пайдаланушылар саны 1 951 338 пайдаланушыны немесе тіркелген халық санының 10,8%-ын құрайды.

Өңірлік деңгейде медициналық ақпараттық жүйелерде 10,2 млн электрондық денсаулық төлқұжат құрылды және толтырылды.

Денсаулық сақтаудың ықпалдастырылған Платформасын өрістету бойынша жұмыс жалғасуда, оның базасында электрондық денсаулық төлқұжаты қалыптастырылатын болады.

Жоғарыда көрсетілген шаралар медициналық ұйымдарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайын болу мүмкіндігін береді.

Сондай-ақ бұл жеке бас денсаулығын басқаруда халық белсенділігін күшейтуді, денсаулық сақтау қызметтеріне сенімді арттыруды, медициналық көмек көрсету бойынша мемлекеттік шығындарды оңтайландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, 2017 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен IBM компаниясының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның аясында ҚР ДСМ «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК базасында Watson for oncology – денсаулық сақтауда жасанды интеллект жобасы бойынша пилоттық сынақ өткізілді.

Қазіргі кезеңде пилоттық сынақ аяқталды: ағымдағы жылдың 8 және 16 тамыз аралығында ҚазОРҒЗИ базасында IBM командасы топ қалыптастырды.

Көрсетілген кезеңде қолданыстағы бизнес-процестерге және клиникалық процестерге талдау, деректерді өңдеу, техникалық шолуды ұсыну, емделген жағдайларды іріктеу және сынақ жұмыстары үшін нозология жүргізілді. Көрсетілген жұмыстар барысында онкологияның 13 түрі бойынша емделіп шыққан жағдайлар көрсетілді (аналық без, асқазан, өкпе, сүт безі, қуық, жиек ішек, бауыр, өңеш, қуықалды без, тік ішек, жатыр денесі, жатыр мойны, қалқанша без обыры).

Денсаулық сақтауды цифрландыру және қағазсыз құжат айналымы туралы айтқанда, сондай-ақ осы процестегі мобильдік қосымшалардың ролін атап өткен жөн.

Осылайша, Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы мобильдік қосымшалар нарығында қолданылатын бірыңғай каталог қалыптастырды және ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының» сайтында орналастырылды:

  • DamuMed – Дәрігердің қабылдауына жазылу;
  • Дәрігер про (Dariger Pro);
  • HealthBook;
  • «103 БАҚЫЛАУ» диспетчерлік орталығын автоматтандырудың бағдарламалық кешені;
  • МҚС: Халықтық бақылау;
  • HCity;
  • Менің жүктілігім;
  • Egov мобильдік қосымшасы;
  • «Онкоскрин» қосымшасы;
  • Посоветуй врача.kz By MedElement Co.;
  • Аурулар: By MedElement Co дәрігер анықтамалығы";
  • Алғашқы көмек көрсету бойынша SOS мобильдік қосымшасы;
  • CDL OLYMP Kazakhstan ОЛИМП КДЗ;
  • Көмек 103;
  • kz - интернет-дәріхана;
  • kz – дәрілер іздеу;
  • Достармед А.;
  • Бақылаушы медбике;
  • Ерте жастағы балалар күтімі.

Бүгін заманауи технологиялардың көмегімен АМЛК көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу, сондай-ақ дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру және т.с.с. электрондық қызметтер көрсетіледі.

Сондай-ақ 2018 жылғы 25-26 қазан кезеңінде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ЮНИСЕФ-пен бірлесіп ұйымдастырған Digital Health Astana денсаулық сақтау саласындағы халықаралық IT-шешімдер көрмесі өткенін атап өткен жөн.

Өткен іс-шараның негізгі оқиғаларының бірі – электрондық денсаулық сақтаудың жаңашыл архитектурасының негізі болып табылатын, науқастардың клиникалық деректерін жинауды салтанатты түрде іске қосу. Қазақстанның цифрлық денсаулық сақтауда осындай инновациялық қадам жасауы Дүниежүзілік банк жобасын жүзеге асырудың арқасында мүмкін болды. Науқастар туралы медициналық деректерді жинаудың басталуын ресми іске қосуды Денсаулық сақтау министрі Е. Биртанов және Эриксон компаниясының Президенті Никола Тесла Г. Ковачевич жүзеге асырды.

Бүгінгі таңда медициналық қызметті электронды нұсқада алуға байланысты мобильді қосымша жұмыс істеуде. Бұл бағдарлама мынадай қызметтерді ұсынады: қабылдауға жазылу, дәрігерді үйге шақыру, еңбекке жарамсыздық парағын толтыру, жазылған дәрі-дәрмектердің рецептерін көру, зертханалық нәтежилерін көруге және қиың жағдайда қауіп-қатер батырмасын баса алады.

Абзал жандардың айтуынша, мобильді қосымша арқылы науқастың мекенжайын білуге болады. Бұл әсіресе хәл үстінде жатқан адамға жедел жәрдем көлігінің тезірек баруына ықпал етеді. Нәтижесінде науқас уақтылы медициналық көмек ала алады. Бұған қоса, кез келген науқастың қай емханада емделіп жатқандығы анық жазылып тұрады.

Мұндай игілікті істердің барлығы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында орындалып отыр. Бағдарлама 2017 жылдың 12-ші желтоқсанында қабылданған болатын. Жалпы айтқанда, Қазақстанның мемлекеттік саясатындағы басты бағыттардың бірі – ұлт саулығын жақсарту, өлім-жітім көрсеткіштерін төмендету. Әрі халыққа көрсетілетін қызмет сапасын күн өткен сайын жақсарту. Осы тұрғыдан елеулі өзгерістер жасалып, заманауи технологиялар жоғары деңгейде енгізіліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір