• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 19:20:50
+35°

22 Мамыр, 2017 Әдебиет

Қабірде намаз оқыды

Шайбан ибн Жиср әкесінен естіген мына жағдайды әнгімелейді деп жазады

Шайбан ибн Жиср әкесінен естіген мына жағдайды әнгімелейді деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі islam.kz -ке сілтеме жасай отырып.

«Алланың атымен ант етемін, Хумай әт-Тауил екеуміз Сәбит әл-Бунаниді қабіріне қойдық. Қабірді көмуге ыңғайланған сәтте аңдаусызда оның үстіне бір кірпіш түсіп кетті. Қабірге қарап едім, Сәбит намаз оқып жатыр екен. Сонда жанымдағы досым маған «айқайлама» деп ишарат білдірді. Осы оқиғадан кейін Сәбиттің қызына барып, әкесінің тірі кезінде қандай амалмен шұғылданатынын сұрадық. «Оны неге сұрадыңыздар?» – деп еді, біз болған жайтты қызына баяндадық. Қызы: «Әкем елу жыл бойы түнгі (таһажжуд) намазын тастамаған және екі қолын жайып: «Алла Тағалам, егер қабірде әлде бір құлына намаз оқуды нәсіп ететін болсаң, оны маған нәсіп ете гөр!» – деп жалбарынатын. Түнгі құлшылықтан басқа ешбір амал жанына жақын емес еді» – деген екен».

Шолушы: Әсел Өтешова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір