• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:28:36
Алматы
+35°

Massaget.kz жастар порталындағы «Айна» бағдарламасы Қазақстан жазушылар одағы сыйлығының, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, жазушы Қабдеш Жұмаділовпен сырласты.

Қос Империяның (Қытай, КСРО) дәмін татып, 200 мыңнан астам қазақты ата қонысына бастап келген тұлғаның көкірегі тұнған қазына. Өнегеге толы жазушы өмірінің қазынасын Қамшы ақпараттық агенттігі оқырман назарына ұсынуды жөн көрді.

Қытайға қараған Тарбағатай аумағындағы Шәуешек ауылында дүниеге келген Қабдеш Жұмаділов студент кезінде-ақ өмірдің ащы дәмін татты. Қуғын-сүргінге ұшырады. Қиналған қазақ жұртын көрген ел азаматы 20 мыңнан астам қазақты ата қонысқа көшірмек ниетте көш бастайды, соның салдарынан Қытай жеріне дұшпан атанады. Алайда туған жерге деген сағынышы өзегін өртейді, сол сағыныш шығармашылығына арқау болады, өзек болады.

Екі Империяның дәмін татқан қазақ жазуышысы жеке адам бақытты болуы үшін халық бақытты болуы тиіс, жеке адам азат болуы үшін ұлт азат болуы тиіс дейді.

Халық үшін, ел үшін көңілі бос нар тұлға жазушы қауымды эмоционалды адамға балады. Мәселен, өз шығармасын жазып отырып, өз кейіпкері өлсе, ағыл-тегіл жаылайтын көрінеді. Қабанбай өлгенде, батырмен бірге жорықта болып, көзінше қаза тапқандай елмен бірге Қабанбайды жоқтап Жұмаділов қоса жылаған. Немесе «Тағдыр» романындағы Демежанды дарға асар сәтте кейіпкерімен қимай қоштасқан. Жазушы қауымның сырттай батыл көрінгенімен, көңілі бос екені осыған дәлел.
 

Сондай-ақ, көзі көрген ұлы тұлға ретінде Мұхтар Әуезовті атады. Шыңжаңдағы науқанды есіне ала отырып, өзінің жазушы болғаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған сәтімен бөлісті. Шешім шығарылғанда жазушы бірінші болып Мұқаңмен қоштасқан, аңыз адамның батасын алған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір