Қ. Қасымовтың қоластында сутенердің қанша сүйеушісі бар?

Қ. Қасымовтың қоластында сутенердің қанша сүйеушісі бар?
Ⓒqamshy collage

Секс-құлдықтан қашып шығып, көптің арашалауымен ғана басына бостандық алған, бірақ ертеңіне әлі де үреймен қарайтын Раушан есімді қыздың тағдыры елдің жағасын ұстатты.  Бұл туралы «Қамшы» порталы алғаш болып дабыл көтеріп, тіпті  ҚР Бас прокуроры мен ҚР Ішкі істер министрінен, сондай-ақ, ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілден тиісті шара қолдануды талап еткенін оқырман жақсы білуі тиіс. Ендігі мәселе – «Ары қарай не болады?» деген сұрақтан өрбиді. Егер осы оқиға притон ұйымдастырған бірер сутенерді қамап, көзжұмбайлыққа салынған бірді-екілі полицейді жұмыстан шығарумен аяқталса, онда шынайы иелері қағаберісте қала беретін аса қауіпті қылмыстық желі жабулы қазан жабулы күйінде қалды деген сөз.

Бұлай деуімізге бір себеп ретінде кезінде Алматыны дүрілдеткен әйгілі сутенер Ольга Хамбулатованың өмір соқпағынан мысалдар келтірейік. Мама Роза, Марго, Кодониди секілді бірнеше жанама аты бар ол 2013 жылы Алматы облысындағы қонақүйлердің бірінде «бизнесін бұрқыратып» жатқан жерінен тұтқындалған-ды. Сөмкесі мен төсегінің астынан 665 мың теңге мен 1 мың АҚШ доллары табылып, тәркіленді. Бірақ ол мұндай шараға пысқырып та қараған жоқ. Себебі бұған дейін де үш мәрте сотталған. Бәрінде мерзімінен ерте босап шығып, баяғы әлаулайына қайта басқан. Сондықтан Хамбулатоваға қорқатындай ештеме де жоқ еді. Алайда соңғы оқиғаның түйіні сутенер күткендей болмады. Ол 2014 жылы 7 жылға сотталып кетті.

Неге? Өйткені Ольга Хамбулатова өзінің сүйеушісін көрсетуге, ымыралас серігін сатып кетуге мәжбүр болды. Бас амандығын ойлағаннан немесе жазасын жеңілдетудің амалынан емес, екеуінің арасындағы келіспеушіліктен, «крышасының» арамзалығын кешіре алмағаннан!

Хамбулатовамен жемтіктес болған мықтыны атамас бұрын ортақ «бизнестің» түсімінен деректер келтірейік. Сутенердің жеңіл жүрісті қыздардың «етегінен тиын саууы» сонау 1997 жылдан басталған. Жезөкшелердің жұмыс уақыты ертеңгі 10-нан таңғы 5-ке дейін жалғасқан. Әр қыз 10 күн сайын кеңсеге 30-40 мың теңгеден қалдырып отырса, Хамбулатова олардың қауіпсіздігіне жауап берген. Үй, пәтер, сауна, қонақүй. Осының бәрінде де сутенердің жұмысы қызу жүріп жатты. Жемісті жылдары «шөпжелке жұмысшылардың» саны 100-ге дейін жеткен.  Жезөкшелерді былай қойғанда, оларды ары-бері таситын 7-8 жүргізуші тұрақты еңбек еткен. Сутенердің көлденең табысының қандай болғанын осыдан-ақ мөлшерлей беріңіз.

Әрине, мұндай ірі деңгейде «бизнес» жүргізу үшін үлкен бір дөкейдің жәрдемі қажет. Хамбулатованы қанатының астына алған адам – Серік Бегасилев. Ол ҚР ІІМ есірткі бизнесімен күрес жөніндегі аймақтық басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары. Сондай-ақ Алмалы АІІБ бастығының орынбасары болған шенді. Полиция полковнигі. Серік Бегасилев жезөкшелер ұясына құқық қорғау органдары тарапынан төнетін кез келген қауіп-қатерді алдын ала ескертіп отырған. Қолынан келгенінше қорғап-қоштаған. Ол өз қызметінің ақысына ай сайын 4 мың доллар алған.  Әрі дос-жарандарының көңілін көтеру үшін тәнін сататын қыздарды «сенбілікке» де жеккен.

Екі достың арасы неден бүлінді? Оқиға былай болған. 2012 Бегасилев Хамбулатоваға хабарласып, ІІМ тарапынан жоспарлы тексеру болатынын ескертеді. Бірақ 100 мың доллар берсе, барлық операцияны тоқтатуға уәде етеді. Саудаласа келе екеуі 60 мың долларға келісіп, сутенер бұл соманы полковникке ұстатқан. Алайда арнайы операция бәрібір өтіп, Хамбулатова қамауға алынады. Міне, осыған ашынған сутенер бар шындықты жайып салды және тойымсыз ымыраласын қапасқа ерте кетті. Хамбулатованың басына қара бұлт үйірілгенде шетелге кетіп, қайта оралмаған Бегасилев 2016 жылы ұсталып, 9 жылға сотталды.

Міне, осыған қарап-ақ сексуалды сипаттағы көлденең бизнес кімдердің көлеңкесінде жұмыс істейтінін аңғаруға болады. Әрине, мұнымыз полицейлердің бәрі сутенермен ауыз жаласады деген сөз емес. Бірақ кез келген сутенер полицияның көзжұмбайлығынсыз жұмыс істей алмайды. Көзжұмбайлықтың екінші аты не екенін түсіндіріп жату артық шығар. Ал біз жоғарыда айтқан Раушанды секс-құлдықта ұстағандардың қамауға алынғанын бүгін Алматы ІІД департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Осы ақпаратта жәбірленушінің 4 жылы бойы құлдықта болғаны да айтылған. Сонда осы уақытқа дейін полиция қайда қараған? Қыздарды еркінен тыс мәжбүрлеп, ұрып-соғып құлдыққа шеккен притон қаланың немесе облыстың қай жерінде? Ол аумақтың учаскелік полицейі ай қараған ба, жұлдыз санаған ба? Адам қораға кіргізіп, есігін құлыптап қоятын мал емес. Қыздарды қамап ұстағанның өзінде «тұтынушылар» үздіксіз сырттан шұбап келіп тұрғаны анық. Құқық қорғаушылардың осыны 4 жыл бойы аңғармауы мүмкін бе? Ең бастысы, жанұшыра көліктен секіріп түсіп, жұрттан жәрдем сұраған қызды көптің көзінше күштеп әкетпек болғандар қай құдайына сеніп, осындай әрекетке барып отыр? Олардың заңнан, жазадан ықпауына не себеп?

Міне, осының бәрі шынайы тексерілсе, бұл оқиғадан да Бегасилевтің ар жақ-бер жағындағы адам бой көрсетер еді-ау деп топшылаймыз. Тапайдың тал түсінде, қаланың қақ ортасында қыз қуып, анадай әрекетке барғандарына қарағанда, сүйеушілері одан да зор біреу болуы да ғажап емес. 

Қалмұханбет Қасымовтың көңіліне келсе де айтайық, құлдықтан қашқан қыздың полицияға емес, жанұшыра жұртқа жүгіруі – полиция үшін де, сол полицияның төбесінде отырған министр үшін де таза масқара! Бұл құлдықтың қамытынан арылғысы келген жанның полицияға мүлде сенбейтінін білдіреді. Мұны полиция тұрмақ, жедел жәрдемге бермеуді сұрап, көпшілікке жалынған қыздың әрекетінен де аңғарасыз.

Қысқасы, Қ. Қасымов қоғамды дүрліктірген осы оқиғаны өз бақылауына алады деп сенеміз. Әрі мұның халық үшін ғана емес, алдымен өзінің және өзі басқарған саланың абырой-беделі үшін қажет екенін түсінеді деп үміттенеміз.

Сансызбай Нұрбаба

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 1 жыл бұрын

    біздің ҚАЗАҚ деген елде полициялар іріп шіріген болып тұрғо , сонда қай бетері менен осындай қарғыз атқан жол менен тауған ақшаларын бала шағасына апарып жегізеді екен

    • 1 жыл бұрын

      Улындер уяатсыз политуеилер ар каида карндастарнды остсын кыздарнды остсын иттер ещё казак кызын баска ултка акмак авлып берып коиып 30 мын толесе каитарам салады екендер буыл казак халкынын мемлекеты ! Бастарнмен жауап бере алмаи каламындар !

      1
      Ардақ Әшім: “Әблязов қазақстандықтардың саяси білімін ашты”
      26/05 04:31 0 76
      2
      Қарағандыдағы оқыс оқиға: қала әкімі қаза тапқан баланың жанұясына көңіл айтты
      26/05 03:44 0 495
      3
      Илон Маск әлемге тегін интернет тарату жұмысын бастады(видео)
      26/05 02:19 0 200
      Биылғы Канн фестивалінің жеңімпаздары анықталды. Жүлдегерлер қатарында кімдер бар?
      26/05 01:49 1 202
      Ғалымдар Мона Лизаны тірілтті(видео)
      26/05 01:47 0 335

      Таныстырылғандар

      Атырау облысының әкімдігі "мемлекеттік аудитор" мамандығы бойынша грант береді
      Атырау облысының әкімдігі "мемлекеттік аудитор" мамандығы бойынша грант береді
      Атырау облысының әкімдігі "мемлекеттік аудитор" мамандығы бойынша грант береді
      Атырау облысының әкімдігі "мемлекеттік аудитор" мамандығы бойынша грант береді
      21/05/2019 16:48 0 310
      Қытай компаниясы Қазақстан заңнамасын белшеден басты
      Қытай компаниясы Қазақстан заңнамасын белшеден басты
      Қытай компаниясы Қазақстан заңнамасын белшеден басты
      Бауыржан Юсупов бұрғылау бригадасының инженер-технологы қызметін қайтару үшін адвокат жалдап, сотта өз құқығын қорғап шығуға барын салған.
      Аудио тыңдау
      23/05/2019 11:07 0 8281
      ҰБТ-да қызына көмектескен аудандық білім департаментінің басшысы жазаланды
      ҰБТ-да қызына көмектескен аудандық білім департаментінің басшысы жазаланды
      ҰБТ-да қызына көмектескен аудандық білім департаментінің басшысы жазаланды
      Аудандық білім бөлімінің басшысын жаза күтіп тұр...
      Аудио тыңдау
      23/05/2019 13:58 0 461
      Қуат Хамитов: Әзірбайжанда әділдік орнатамын (видео)
      Қуат Хамитов: Әзірбайжанда әділдік орнатамын (видео)
      Қуат Хамитов: Әзірбайжанда әділдік орнатамын (видео)
      Қуат Хамитов қарымта жекпе-жекетің өтетін орны мен күні туралы да мәлімдеген.
      Аудио тыңдау
      23/05/2019 16:03 0 1731
      Димаш Құдайберген алғашқы жеке альбомы қашан шығатынын хабарлады
      Димаш Құдайберген алғашқы жеке альбомы қашан шығатынын хабарлады
      Димаш Құдайберген алғашқы жеке альбомы қашан шығатынын хабарлады
      Альбомның атауы қандай болатыны әзірге белгісіз.
      Аудио тыңдау
      24/05/2019 09:23 0 91
      Дабыл! Дүкендерде құрамында қуаттандырғышы бар конфеттер пайда болды
      Дабыл! Дүкендерде құрамында қуаттандырғышы бар конфеттер пайда болды
      Дабыл! Дүкендерде құрамында қуаттандырғышы бар конфеттер пайда болды
      Сыртындағы жазуды оқып, шошып кеттім. Сырты қара түсті болғандықтан, назарым бірден ауды.
      Аудио тыңдау
      24/05/2019 10:56 0 3239
      Түркістан қаласы әкімдігі: Маминнің сапарына арнайы салынды деген дерек – жалған
      Түркістан қаласы әкімдігі: Маминнің сапарына арнайы салынды деген дерек – жалған
      Түркістан қаласы әкімдігі: Маминнің сапарына арнайы салынды деген дерек – жалған
      Түркістан әкімдігі желіде тарап жатқан видеоға қатысты пікір білдірді
      Аудио тыңдау
      24/05/2019 11:26 0 1310
      Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды
      Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды
      Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды
      Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті бастығының орынбасары болып Құрманғали Тасмағамбетов тағайындалды
      Аудио тыңдау
      24/05/2019 11:48 0 14379
      Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры қамауға алынды
      Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры қамауға алынды
      Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры қамауға алынды
      Білім министрлігіне қарасты Ұлттық тесттілеу орталығының бас директоры қамауға алынды
      Аудио тыңдау
      24/05/2019 13:54 0 1605
      Лукашенко қазақ мұнайына көз тікті (видео)
      Лукашенко қазақ мұнайына көз тікті (видео)
      Лукашенко қазақ мұнайына көз тікті (видео)
      Беларусь президенті Александр Лукашенко сапасыз мұнайдан елдің "орасан зор" зардап шеккенін айтып, Ресейден өтемақы күтетінін жеткізді.
      Аудио тыңдау
      24/05/2019 14:38 0 1600
      Сайлауалды дебаттың күні белгілі болды
      Сайлауалды дебаттың күні белгілі болды
      Сайлауалды дебаттың күні белгілі болды
      Сайлауалды дебат үш кезеңнен тұрады...
      Аудио тыңдау
      24/05/2019 16:12 0 2767
      Асқар Мамин ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысын тексерді
      Асқар Мамин ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысын тексерді
      Асқар Мамин ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысын тексерді
      Асқар Мамин ел өңірлеріне сапарлары кезінде берілген...
      Аудио тыңдау
      24/05/2019 18:22 0 234
      14 жыл бұрынғы құпия өлім: Алматыда ресейлік бизнесменді өлтірген киллер-әйел кім?
      14 жыл бұрынғы құпия өлім: Алматыда ресейлік бизнесменді өлтірген киллер-әйел кім?
      14 жыл бұрынғы құпия өлім: Алматыда ресейлік бизнесменді өлтірген киллер-әйел кім?
      Ресейлік ірі бизнесмен Рамазан Чаркселианиді Алматы-1 маңында 2005 жылы атып кеткен болатын.
      Аудио тыңдау
      24/05/2019 18:54 0 3072
      Қытай үшін қазақтар екінші сортты адамдар ма?
      Қытай үшін қазақтар екінші сортты адамдар ма?
      Қытай үшін қазақтар екінші сортты адамдар ма?
      ҚХР жергілікті консулдық Қазақстан, Қырғызстаннан шыққан азаматтарға қытайлық Фуюань қаласына кіруге тыйым салды
      Аудио тыңдау
      25/05/2019 01:03 1 1550
      Жер тербеліп, жер сілкінісі орын алды
      Жер тербеліп, жер сілкінісі орын алды
      Жер тербеліп, жер сілкінісі орын алды
      Сейсмолог мамандардың айтуынша, жер сілкінісі 4,5 балл болған,  жер асты тербелісінің орталығы 10 шақырым тереңдікте жатыр.
      Аудио тыңдау
      25/05/2019 07:25 0 2905