• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:17:27
Алматы
+35°

08 Ақпан, 2018 Спорт

Пхенчанның олимпиада нысандарында 85 робот жұмысқа кірісті

Жалпы ойындарда жасанды интеллектті көмекшілердің 11 түрі ұсынылады.

Пхенчанның олимпиада алаңдарында 85 робот жұмысқа кірісті. Бұл туралы ойындарды ұйымдастыру комитеті хабарлаған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Робот-гидтер жарыстардың кестесі мен туристік ақпарат туралы хабар беріп тұрад,. Баспасөз оралығында сусындар таратып тұратын роботтар жұмыс істейді, сондай-ақ тазалаушы роботтар да іске қосылады. Әсіресе елдің назарын балық роботтар аударды. Механикалық балық бес метр тереңдікте 30 сағат бойы бола тын мүмкіндікке ие. Тағы 10 робот қабырғаға сурет салу шеберлігін көрсететін болады.

Пхенчанның ең негізгі роботы олимпиада алауын жағуға қатысады. HUBO-ны Кореяның алдыңғы қатарлы технологиялар институты құрастырды. Тәжірибе барысында алау ұстаған робот 150 метр қашықтықты өткеріп, алауды келесі адамға тапсырған.

Жалпы ойындарда жасанды интеллектті көмекшілердің 11 түрі ұсынылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір