• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:29:14
Алматы
+35°

12 Наурыз, 2018 Оқиғалар

Путиннің тікұшағы оқ астында қалды

«Жаңа жыл уақыты болғандықтан, мен оны от шашу деп ойладым. Сонда ұшқыштар бізге оқ атылып жатқанын ескертті», - деп бөлісті өз ойымен Путин.

2000 жылдардың басында Ресей президенті Владимир Путиннің тікұшағы Шешенстандағы Псков шабуылшыларының қайтыс болған жеріне бара жатқанда оқ астында қалады.  

Андрей Кондрашовтың «Путин» фильмінде Шешенстандағы алтыншы Псков ротасының десантшылары туралы әңгімелейді. Бұл туралы режиссер Дмитрий Киселев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «500-ге жуық жауынгердің көзін жойған 84 десантшы қаза тапты. Алты жауынгер тірі қалды. Бұл жағдайдан кейін Путин Псковтағы қаза тапқандардың туыстарымен кездесіп, соғыс болған аймаққа өзі баратынын айтқан. Алайда ол жер бір жылға жуық жауынгерлердің қоршауында болған еді. Сөйтіп Путин жауынгерлер қайтыс болған аумаққа тікұшақпен барады. Алайда президенттің тікұшағы оқ астында қалды», - деп жазды Киселев «Одноклассники» желісінде.

«Жаңа жыл уақыты болғандықтан, мен оны от шашу деп ойладым. Сонда ұшқыштар бізге оқ атылып жатқанын ескертті», - деп бөлісті Путин өз ойымен.

Ресейлік мұнай-газ компаниясының сол кездегі басшысы Игорь Сечиннің айтуынша, Ресей басшысы қосымша көлік дайындауды тапсырды. «Жолдар жабылып, қайтар жол жарылғыш заттарға толы болған еді», - деді ол.

Фильмде көрсетілгендей, бұл оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Тіпті бүгінгі күнге дейін бұл жайлы ешкім тіс жарып айтпаған.

Айта кетейік, 2018 жылдың 18 наурызында Ресейде президент сайлауы өтеді. Халық мұны сайлауалды пиарға балап жатыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір