• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:08:32
Алматы
+35°

24 Тамыз, 2018 NEWS

Путиннің Каспий теңізін көргендегі әсері ерекше дейді Назарбаев

Тағы бір айта кетерлігі, сол күнгі кездесуде Назарбаев «үнемі ұйқыда жүретін» мемлекеттік қызметкерлерді де сынға алған.

«Өзге мемлекеттерге қарағанда, өз елімізде демалу әлдеқайда жақсы, тиімді». Мұндай пікірді Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегі отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. Елбасының сөйлеген сөзінен үзіндіні КТК арнасының жаңалықтар бөлімі көрсетті.

«Мен әлемнің түкпір-түкпірін араладым. Мемлекеттер мен елдердің 251 басшыларымен кездестім. Енді, олар өзгерді, ал мен қалдым, сол себепті саны осындай көп. Содан осындай қорытындыға келдім, өзге жерден гөрі өз елімізде демалған жаксы», - дей келе президент Ақтаудағы Каспий теңізін мысалға алды.

«Бізге тиіп тұрған Ақтауды алып қаралық. Бір кездері Ресей президенті Владимир Путин теңізге барды. Сонда былай деген еді: «Тыңдашы, мұндай таза, тұнық суды көрген емеспін», - деп мемлекет басшысы естеліктерімен бөлісті.

Тағы бір айта кетерлігі, сол күнгі кездесуде Назарбаев «үнемі ұйқыда жүретін» мемлекеттік қызметкерлерді де сынға алған. «Бір бөлімде 15 адам қызмет атқарады, терлеп-тепшіп жұмыс істейтіні үшеу ғана», - деп әсіресе құқық қорғау органдарының жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді. Бұға қоса «полиция қызметкерлерін түгелдей жұмыстан босатып, заңгерлерді шақырған» Грузияны мысал етті.   

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір