• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:42:28
Алматы
+35°

19 Маусым, 2017 Саясат

Путин Ресейдің Түркиядағы елшісін тағайындады

Ресей президенті Владимир Путин Алексей Ерховты Ресейдің Түркиядағы елшісі етіп тағайындады, деп хабарлайды

Ресей президенті Владимир Путин Алексей Ерховты Ресейдің Түркиядағы елшісі етіп тағайындады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Мамырда оның елшілікке үміткерлігін халықаралық істер жөніндегі Мемлекеттік дума қолдаған.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, елші қызметіне келмей тұрып Ерхов СІМ дағдарыс орталығы департаментінің директоры қызметін атқарған. Одан бұрын Ыстанбұлдағы бас консул болды.

Еске сала кетейік, өткен жылдың 19 желтоқсанында  Андрей Карлов Анкарада "Калинградтан Камчаткаға дейінгі Ресей саяхатшы көзімен" атты фотокөрмеге қатысу барысында қастандыққа ұшыраған. Ашылу салтанатында сөйлеп тұрған Карловқа Мелвүт Алтынташ есімді полицей қызметкері оқ атқан. Ауыр жаралы Карлов жақын маңдағы аурузанаға жеткізілгенімен қайтыс болды. Ал, қастандық жасаушы арнаулы операцияда өлтірілген.

Бұған дейін Елші міндетін уақытша кеңесші Сергей Панов атқарған.

Шолушы: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір