• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:16:42
Алматы
+35°

04 Қаңтар, 2019 Спорт

Промоутер Головкинді пайдаланғысы келген бе?

Біреулер "Леффлер боксты түсінбейді", "Леффлермен серіктестігі үшін Головкин мұрасынан айырылуы мүмкін"...

Желіде Геннадий Головкиннің Том Леффлермен шартын не үшін бұзуы мүмкін екені туралы түрлі пікірлер айтуда. Шетелдік бокссүйер қауым Twitter желісінде бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлермен серіктестігін тоқтатуы мүмкін деген хабарға қатысты пікірлерін білдіріп жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Желі қолданушыларының бұл жайындағы ойы қарама-қайшы болып шықты. Біреулер "Леффлер боксты түсінбейді", "Леффлермен серіктестігі үшін Головкин мұрасынан айырылуы мүмкін", "Головкин Леффлермен бірге жұлдыз бола алмайды", "Баяғыда басқа промоутерге кетуі керек еді" деп қуанышын жасырмады.

"Golden Boy "Канелоны" пайдаланғандай, Леффлер де GGG-ді, пайдаланғысы келді — оның беделі арқылы жекпе-жек күнін де белгілеп отыр", — дейді қолдаушылардың бірі.

Дегенмен, Геннадийдің Том Леффлермен қош айтысатынына сенгісі келмей  жатқандар да табылды.

"Том Леффлер Головкинге әрқашан адал болды, оны мультимиллионерге айналдырды. Сонымен бірге мансабын аяқтамаса, өкінішті", — дейді қолданушылардың бірі.

Бұдан бөлек, Головкин енді Эдди Хирнмен бірге жұмыс істесе деген де  тілек айтылыпты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір