• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 16:33:49
Алматы
+35°

11 Қазан, 2017 NEWS

Прокуратура «Незнайка» мультфильмінде экстремизмнің белгілерін анықтады

Николай Носовтың кітабынан үзінді жариялаған ғаламтор тобы жетекшісі тергеуге алынды

Николай Носовтың кітабынан үзінді жариялаған ғаламтор тобы жетекшісі тергеуге алынды,-деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Краснодар аймағының блогері Михаил Малахов ғаламторға Николай Носовтың 1964 жылы жарық көрген кітабынан үзінді келтіргені үшін тергеуге алынды. Бұл тергеуге себеп болуы мүмкін нәрсе аталмыш кітаптың 31-ші бөлімінен келтірілген үзінді екі рет: 28 мамырда және 10 тамызда жариялануы.

film.ru

Малаховтың сөзіне сүйенсек, бұл үзіндіде полиция қызметкерлерінің айда көрсеткен жаман мінезі суреттеледі. Үзінді жарияланған ғаламтор тобының аты «Радикальные мечтатели». Осы жазбадан кейін топ жетекшісінің атына Ресей Федерациясының 282 қылмыстық бабына сәйкес, полиция қызметкерлерін қоғамға жек көрінішті етіп көрсеткені үшін тергеуге шақырған. Таңданған Малахов полиция қызметкерлерінен: «Незнайка на Лунтике мультфильмі қандай қиындық туғыдуы мүмкін?», деп сұрағанда, оған бұл жөнінде «лингвистика сараптамасы» жауап береді делінген. Оның айтуынша, тергеуге әлі бармаған, бірақ полиция қызметкері одан да басқа жазбалары туралы сұрап, нақты не үшін сұрақтың астына алғанын айтпаған.

Малахов бұрындары Russia Today және Life атты үкіметті жақтайтын басылымдарда қызмет атқарған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір