• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:40:57
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2019 Әлем

Президенттің қызы баспасөз қызметінің жұмысын сынға алды

Президенттің үлкен қызы Саида Мирзиеева биыл сәуір айында ақпарат және бұқаралық байланыс агенттігінің ...

Таяуда ғана Ақпарат және бұқаралық байланыс агенттігі директорының орынбасары болып тағайындалған Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевтің үлкен қызы Саида Мирзиеева баспасөз қызметі мен онда жұмыс істейтіндерді сынға алды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org сайтының дерегін негізге алып.

Facebook парақшасында Саида Мирзиеева шетел тәжірибесі мен мамандардың пікірін алға тартып, "біздің министрлік пен мекемелердің баспасөз қызметінің жұмысы өте төмен деңгейде екенін мойындауға тура келеді" деп атап өткен.

"Баспасөз қызметі жетекшілерінің көбі БАҚ-пен жұмыс қажеттігін түсінбейді. Халық елде болып жатқан реформаларды жеткілікті білмейді. Президент пен үкімет қабылдап жатқан шешімдер халыққа дұрыс жетіп жатқан жоқ. Ақпарат дұрыс жетпегендіктен халықта екіұдай пікір қалыптасады", - деп жазады Мирзиеева.

Ол баспасөз қызметінің жұмысына қатысты қосымша құқықтық-нормативтік құжат қабылдау керектігін алға тартып, бұл бағыт бойынша жұмыстардың басталып кеткенін жеткізді.

Президенттің үлкен қызы Саида Мирзиеева биыл сәуір айында Ақпарат және бұқаралық байланыс агенттігі директорының орынбасары қызметіне тағайындалғаны белгілі.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір