• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 01:46:49
Алматы
+35°

02 Мамыр, 2019 Саясат

Президенттікке үміткер Жұматай Әлиев емтиханнан сүрінді

"Халық демографиясы" партиясы ұсынған үміткердің жолы осылайша ерте қиылды.

ҚР кезектен тыс президент сайлауына үміткер ертінде тіркелген Жұматай Әлиев мемлекеттік емтиханнан өте алмай қалды. Бұл туралы ОСК-ның лингвистикалық комиссиясының мүшесі Әділ Ахметов хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Әрбір үміткер емтиханды үш кезең бойынша тапсырады. Бірінші кезеңде ол "Мемлекет және дін" тақырыбына шығарма жазды. Екінші тапсырмада М.Әуезовтың "Абай жолы" романынан үзінді оқыды, ал үшінші бөлімде "Ырыс алды – ынтымақ" тақырыбында еркін баяндама жасауы тиіс болған. Үміткер жазба жұмысына бір жарым сағаттан аса дайындалды. Үзінді оқуға дайындық жасауға кеткен уақыт та аз емес", - деді Ахметов.

Оның айтуынша, комиссия мүшелері нәтижелерді жан-жақты талқылай отырып, бұл үміткерді мемлекеттік тілді толық меңгермеді деген шешім шығарды.

"Жазба жұмысында ол пунктуациялық және стилистикалық қателерді көп жіберген. Нақтылай айтсақ, барлық қателер саны – 19", - деді спикер.

"Халық демографиясы" партиясы ұсынған үміткердің жолы осылайша ерте қиылды. Дәл қазіргі уақытта президенттік сайлауға төрт партия мен бес қоғамдық қозғалыстан үміткерлер ұсынылған.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір