• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:22:44
Алматы
+35°

27 Наурыз, 2019 NEWS

Президент жағдайы төмен азаматтарға пәтер беруді мамырдан бастауды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған әлеуметтік тұрғыдан әділетті ел құру бағытын жалғастыруды міндеттеді.

Ақордадағы кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған әлеуметтік тұрғыдан әділетті ел құру бағытын жалғастыруды міндеттеді. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Соның ішінде Президент әкімдерге әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтерлер беру мәселесін жеделдетуді және бұл үдерісті биылғы мамыр айынан бастауды жүктеді.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін инфрақұрылымға қатысты жүйелі мәселелерді шұғыл шешудің маңызды екенін атап өтті.

Айта кетейік, бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен жиналыс өткізді. 

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір