• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:10:53
Алматы
+35°

20 Мамыр, 2019 Әлем

Президент ит туралы кітап жазбақ

Бұл уақытта астана билігі қала көшелеріндегі иесіз иттерді аулап, оларды аяусыз қырып келеді.

Түрікменстан президенті 16 мамырда тағы бір кітап жаза бастады. Оның кезекті еңбегі ит туралы болды. Бұл уақытта астана билігі қала көшелеріндегі иесіз иттерді аулап, оларды аяусыз қырып келеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org сайтының дерегін негізге алып.

"14 мамырда қаланың Гаудан ықшам ауданындағы №84 балабақша ауласында кішкентай итті жаңа туған күшіктерімен бірге арматурамен ұрып өлтірді. Бұл уақытта балабақшада балалар болған". Оның айтуынша, иттерді Бегенч атындағы коммуналдық қызмет өкілі өлтірген.

Бұл оқиғаға көп адам куә болған. "Ит ұзақ үрді, сосын ұлыды. Көрші үйлердің терезелерінен тұрғындар қарап тұрды, бірақ ешкім араша түспеді. Күшіктері бар ит балабақшаны паналаған, адамдардан тығылып жатқан, бірақ мекеме меңгерушісі ит өлтіретін қызметті шақырған", - деді куәгерлердің бірі.

Бұл уақытта Түрікменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов ит туралы жаңа кітабын 16 мамырда Копетдаг тауларындағы Ақалтеке жылқы кешенінде жаза бастаған.

Мемлекеттік баспасөздердің хабарлауынша, сол күні президент Бердімұхамедов Шаполат атты ақалтекемен серуендеген, одан соң жаңа туған алабай күшіктеріне ат қойған, сосын барып жұмыс кеңсесінде иттің осы түрі туралы кітап жаза бастаған.

Биыл ақпан айында мемлекет басшысы иттерге арналған клиника ашуды тапсырып, "түркімен халқы үй жануарларын әрдайым қастерлегенін" айтқан. Бір аптадан соң елдегі кәсіпкерлер президент уәде еткен клиниканы ашуға 62 000 доллар жинаған.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір