• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:45:26
Алматы
+35°

17 Қазан, 2018 NEWS

Президент тапсырмасы: «Нұр Отан» партиясы коммуналдық сала мәселесін талқылады

Баспасөз мәжілісін ашқан «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев коммуналдық қызмет тарифтерін бақылауды қолға алатынын ескертті.

Партиялықтар Елбасының Жолдауындағы тапсырмалардың орындалу барысын бақылауға белсене кірісті. «Нұр Отан» ҚР Парламент Мәжілісіндегі фракциясы арқылы Мемлекет басшысы тапсырмаларының тиімді орындаулы үшін жасалған нормативті-құқықтық актілерге қосымша өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында экономикадағы бәсекелестіктің даму жолы мен Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы (ТҮКШ) қызметінің тарифтеріне аса мән берген болатын. Елбасының сөзінше, коммуналдық қызмет саласы мен шынайы монополияның ретке келтірілуінде тиімді мониторинг пен бақылау жүйесі жасалмаған. Осыған орай, президент аталмыш мәселені қарастырып, монополияға қарсы ведомство жұмысын реформалау, бәсекелестікті сақтау функциясын күшейту жұмыстары үшін шенеуніктерге үш ай уақыт берді.

Елбасы Жолдауында қарастырылған шараларды заңды тұрғыда жүзеге асыру мақсатында партиялықтар «Тұрғын ү-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы Заңнаманы талқылады. Бұл тақырып қазақстандықтарды бірнеше жылдан бері мазалап келе жатқан еді. «Нұр Отан» партиясының стратегиялық зерттеу институтының деректеріне сәйкес, республика тұрғындарының 36 пайызы коммуналдық қызметтің жұмысына көңілдері толмайды. Тұрғындардың шағымынан компаниялардың қызмет көрсету сапасының төмендігі мен төленіп жатқан ақшаның тиісті түрде бақыланбайтынын байқауға болады.

Баспасөз мәжілісін ашқан «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев коммуналдық қызмет тарифтерін бақылауды қолға алатынын ескертті.

«Елбасының тапсырмасына орай аталмыш шараны жүзеге асыруды «Нұр Отан» партиясының алғашқы жоспары деп айтқым келеді. Бұл біз атқаратын ірі әрі ауқымды жұмыстың бірі болмақ», - деді Мәулен Әшімбаев.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Әшімбаевтың сөзінше, ТҮКШ мәселесі бойынша жоғарыда аталған заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қазіргі уақытта парламенттің қарауында. Партияның міндеті – халықты алаңдатқан сұрақтарды жинап, сараптау.

«Біз бұл салада тиімді мониторинг ұйымдастыруымыз қажет. Монополистер мен коммуналдық қызмет мамандары қалай жұмыс істейді? Осыған орай біз қоғамдық ұйымдармен, тиісті мамандармен, Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс істемекпіз», - деді Мәулен Әшімбаев.

Қайта қаралған заңнамаға сәйкес, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының бірлескен мемлекеттік ақпараттық жүйесін құру мүмкіндігі қарастырылуда. 

Жалпы өзгерістер ТҮКШ жүйесіне байланысты бірнеше сұрақтарға жауап бере алады. Соның ішінде:

-басқарушы компанияның сапалы қызмет етуін қамтамасыз ету;

-коммуналдық қызметтер мен төлемдерді есепке алуды жетілдіру;

-ТҮКШ саласына жоғары технологияларды енгізу;

-үйге ортақ мүліктерді есепке алу процедурасын жеделдету;

-үйге ортақ мүлікті уақытылы жөндеуден өткізуді қамтамасыз ету.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясына қарасты кеңес мүшелері, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар, өңірлерден бірнеше өкіл қатысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір