• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 20:22:56
Алматы
+35°

14 Қаңтар, 2019 Әлем

Президент сайлауы: Трамптың бәсекелесі кім?

Габбард президент Донльд Трамппен күресуге дайын бірнеше демократ дайындады.

11 қаңтар, жұма күні Палата өкілдерінің мүшесі Тулси Габбард 2020 жылы АҚШ президенттігіне өзін үміткер етіп ұсынды.

«Мен сайлауға түсемін деп шештім, келесі аптада ресми мәлімдеме жасаймын», - деді конгрес мүшесі CNN журналисіне берген сұхбатында.   

Ирак соғысының ардагері Габбард қазіргі уақытта Палата мүшелерінің сыртқы істер комитетінің мүшесі. Ол Самоада дүниеге келген алғашқы америкалық әрі Конгрестегі индуистік сенімдегі алғашқы әйел.

«Мұндай шешімге келуімнің себебі көп. Бүгінде Америка халқының басына қара бұлт үйірілген, қиындықтан шыға алмай отыр. Мұның бәрі мені де алаңдатады. Қиындықтардың шешілуіне көмектескім келеді, - деді ол сұхбат барысында. Бұған қоса елдегі денсаулық саласы, климаттың өзгеруі және қылмыстық құқық реформасы мәселелерін де тілге тиек етті.

«Әлемді алаңдатып отырған маңызды мәселе бар, ол – соғыс және бейбітшілік. Осы тақырыпта сөз қозғап, мәселені шешу жолдарын қарастыратын күнді асыға күтіп жүрмін», - деді Габбард.

2015 жылы Габбард Демократиялық партия ұлттық комитетінің вице-төраға лауазымы қызметін атқарып жүргенде  ол сол кезде басшы болған Дебби Вассерман-Шульцті сынға алды. Себебі Шульц 2016 жылы президенттікке үміткерлер үшін пікірталастың небәрі алты кезеңін ғана өткізді. Кейін Габбард вице-төраға қызметінен кетіп, сенатор Берни Сандерстің басты жақтаушысы болды, оның кез келген экономикалық бағдарламасын қолдап жүрді.

Конгресте Габбард шет мемлекеттердің саясатына араласуға қарсы шықты. Бірақ оның 2017 жылы сириялық диктатор Башар Асадпен кездесуі халықтың сынынан ұшырады.

«Алғашында Башар Асадпен кездесуді жоспарламаған едім. Алайда мүмкіндікті қолдан жібермеу керек болды. Оның үстіне маңызды боларын білдім. Бізді Сирия халқының жағдайы шын мәнісінде алаңдатады емес пе, олай болса, қажет адаммен кездесу – біздің міндетіміз. Ең болмағанда, татулық үшін осылай күресейік», - деген еді Габбарл 2017 жылғы сұхбатының бірінде.

Габбард президент Дональд Трамппен күресуге бірнеше демократ дайындады.

Жаңа жыл қарсаңында штат сенаторы Массачусетс Элизабет Уоррен 2020 жылы өтетін президент сайлауына қатысу үшін комитет құратыны жайлы хабарлады. Сонымен қатар, бұрынғы тұрғын үй құрылысы және қаланы дамыту министрі Джулиан Кастро да комитет құрып, жақын арада жоспарымен таныстыратынын мәлім етті.

Бұдан бөлек штаттың бірнеше сенаторы алдағы уақытта комитет құрып, жоспарларымен бөлісетін болады.  

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір