• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:49:58
Алматы
+35°

29 Қараша, 2018 Аймақтар

Президент пәрмені: Медицинадағы жалақысы аз 191 мың адамның айлығы көтеріледі

Бүгінгі нарықтық қатынастар дамыған қоғамда ең алдымен адамның өмір сүруі оның жалақысына байланысты екені сөзсіз

Бүгінгі нарықтық қатынастар дамыған қоғамда ең алдымен адамның өмір сүруі оның жалақысына байланысты екені сөзсіз. Сондықтан үкімет Президент тапсырмасына сай  бюджеттік мекемелердің жалақысын ауық-ауық көтеріп келеді. Осыған байланысты үстіміздегі жылдың 5 қазан күні халыққа арнаған Жолдауында Елбасы   үкіметке тапсырма бергені белгілі.

–2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырамын. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі.  Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдарда  республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлу керек. Осыған орай, енді, ең төменгі жалақы  ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды. Ең төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика ауқымындағы еңбекақы өсімінің катализаторына айналады,–деді Президент халыққан арнаған Жолдауында.

Әрине, Елбасының елдің қамын ойлап, ең төменгі жалақыны көтеру туралы тапсырмасы ең алдымен орындалуымен құнды болатыны сөзсіз. Бұл орайда еңбекақысы артатын азаматтардың ішінде денсаулық сақтау саласының қызметкерлері баршылық. Нақты айтар болсақ, бұл салада қанша адамның айлығы көтеріледі? Біз бұл сауалды  Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне жолдадық. Бізге мәлім болған жауапқа назар аударар болсақ, денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан  еңбекақысы аз 191 мың жұмысшылардың жалақысы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап көтеріледі екен. Президент пәрмені деген осы.

Әрине, ең алдымен басқалармен қатар, адам жанының арашасы болып жүрген абыройы асқақ ақ халатты жандардың айлық жалақысының көтерілгені  дұрыс.  Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сонымен қатар,  2019 жылдан бастап, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін дәрігерлердің жалақысын 20 пайызға көтеру қарастырылып отырғанын айтты.

Еркін Қалдан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір