• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:36:18
Алматы
+35°

01 Қыркүйек, 2018 Әлем

Президент өз ұлын мемлекеттік орденмен марапаттады

Президент түрлі кәсіп иелерін марапаттап, әскерилер мен ішкі істер органдары қызметкерлеріне шен табыстады.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өзінің 30 жастағы ұлын - Душанбе мэрін "Алтын тәж" орденімен марапаттады деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі мемлекет басшысының ресми сайтының дерегін негізге алып.

Марапаттау рәсімі Тәжікстанның тәуелсіздік күні мерекесін атап өту кезінде болды. Эмомали Рахмон түрлі кәсіп иелерін марапаттап, әскерилер мен ішкі істер органдары қызметкерлеріне шен табыстады. Марапатталғандар іүішнде президенттің өз ұлы Рустам Эмомали де бар. Душанбе мэрі қызметін абыроймен атқарғаны үшін әкесі оған екінші дәрежелі "Алтын тәж" орденін кеудесіне тақты.

Мемлекет басшысы марапатталған мемқызметкерлер мен әскерилердің және өзге де мамандардың әрбірі Тәжікстан болашағы үшін аянбай еңбек етіп, экономикасының дамуына зор үлес қосады деп сенім білдірді.

Айта кетейік, Рустам Эмомали 2017 жылдан бері Душанбе қаласының мэрі қызметін атқарып келеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір