• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Сәуір, 04:23:43
Алматы
+35°

04 Наурыз, 2019 Әлеумет

Президент базар маңында кортежін тоқтатып, халқымен амандасуға шыққан (видео)

«Ең болмағанда президенттің кортежін көріп қалайық» деген базар халқы әп сәтте қуанышқа бөлене кетті.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Наманған облысына сапары барысында кортежі базар маңынан өтіп бара жатып, аяқ асты тоқтайды. «Ең болмағанда президенттің кортежін көріп қалайық» деген базар халқы әп сәтте қуанышқа бөлене кетті. Оларды қуантқан – көлігінен шыққан Шавкат Мирзиеевтің өзі еді.

Президент көлігінен шықты да, халқымен бір амандасып алып, облысқа байланысты алдағы жобалардың жоспарымен бөлісті. Жаңа санаторий, кәсіпорындар, мектептер мен жұмыс орындарының салынатынын айтып, наманғандықтардың қуанышын еселей түсті.

Ал әлеуметтік желіде халықтың кортежді қалай қарсы алғандығы туралы түрлі видеолар жүктеліп үлгерді.

Өзбекстан президенті мемлекет басшысы тағына отырғалы, түрлі мәлімдемелер жасап, әлемді таңғалдыруда. Ел президенттері айтпағанды Мирзиеев айтты. Мәселен, өзі жайлы фильмдер түсіруге, әндер жазуға, мадақтама жырлар арнауға қатаң тыйым салды. Ал бұйрыққа бағынбағандар қатаң жазаланатынын ескертті. Бұл – халықты жағымпаздықтан арылтатын бірден бір әдіс десек, ел мәдениетін дамыту үшін де үлкен қадамдар жасады. Кино саласына көп қаржы бөлді, тойлардағы келеңсіздіктерді ескерді. Шенеуніктерге тойларға баруға мүлдем тыйым салды.

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір