• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:48:21
Алматы
+35°

14 Мамыр, 2019 Саясат

Порошенконың жақтастары мен қарсыластары төбелес шығарды

«Нацкорпус» және «Свобода» ұйымдарының белсенділері, қарсылас жақта «Блок Петра Порошенко Солидарность» партияларының өкілдері төбелес шығарды

Киевте Конституциялық сот ғимаратының алдында бір жағынан «Нацкорпус» және «Свобода» ұйымдарының белсенділері, қарсылас жақта «Блок Порошенко» мен «Солидарность» партияларының өкілдері төбелес шығарды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Интерфакс» сайтына сілтема жасап.

Куәгерлердің айтуынша, «Свобода» өкілдері Петр Порошенконы Донбасстағы соғыс пен Дебальцовада қорғаныстағы сәтсіздектері, сонымен қатар Порошенконы әскердегі коррупцияға және Конституциялық сотпен заңсыз байлану нормасын жойды деп айыптады.

Жауап ретінде «Солидарность» белсенділері "Ганьба!"(масқара – украин.) деп айқалады. Төбелес бастала салысымен полиция қызметкерлері қаны қайнаған белсенділерді ажыратты.

Қазіргі уақытта екі белсенділер тобын Ұлттық полиция мен Ұлттық гвардия сарбаздары бөліп тұр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді.

Аударған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір