22 Сәуір, 2019 Саясат
Порошенко жеңілісін мойындады
"Мен өзімнің қарсыласыма телефон соғып құттықтай беруге болатынын түсіндім"
Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенко келесі айда тақты босататынын және бұл жағдайды қалыпты түрде қабылдайтынын мәлімдеді. Бұған қоса, ол өзінің әзірше үлкен саясаттан кетпейтінін айтқан.
"Экзит-полл нәтижелерін көре отырып, мен өзімнің қарсыласыма телефон соғып құттықтай беруге болатынын түсіндім", - дейді ол.
Дәл қазір Украинадағы президент сайлауының екінші бөлімі аяқталып, қорытынды шығуға жақын тұр.
Президенттікке үміткер – Володимир Зеленскийдің жинаған дауысы әзірге 72,7 пайызды құрауда. Бұл – жеңіске бастайтын көрсеткіш.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір