• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:32:44
Алматы
+35°

27 Шілде, 2017 Саясат

Порошенко Саакашвилиді азаматтықтан айырды

2015 жылы Грузия Саакашвилиді азаматтықтан айырды. Оның әйелі Сандра Рулофс - Голландия азаматы.

Украина президенті Петр Порошенко Грузияның экс-президенті және Одессаның бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвилиді Украина азаматтығынан айыру туралы бұйрыққа қол қойды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Украинаның мемлекеттік миграция қызметінің ресми сайты хабарлады.

«Украина президенті Саакашвилиді Украина азматтығынан айыру жөнінде шешім қабылдады. Саакашвилидің құжаттары Украинаның бас прокуратурасында, одан кейін Украинаның мемлекеттік миграция қызметінде, сондай-ақ азаматтық мәселе жөнінде комиссия отырысында қаралды», - делінген хабарламада.

Миграция қызметінің мәлімдеуінше, "Саакашвили Украина азаматтығын аларда жалған ақпарат берген. Ол Украина, не басқа аймақта тергеуде жоқ екенін айтқан. Кейін Саакашвилидің Грузияда сырттай қамауға алынғаны белгілі болған".

Алайда Порошенконың ресми сайтында Саакашвилиді азаматтықтан айыру жөнінде ресми ақпарат шықпаған.

2015 жылы Грузия Саакашвилиді азаматтықтан айырды. Оның әйелі Сандра Рулофс - Голландия азаматы.

Сол жылдың 30 мамырында Порошенко Саакашвилидге украин азаматтығын беру жөнінде құжатқа қол қойған. Дәл сол күні ол Одессаның бас прокуроры қызметіне кірісті.

Қызметі барысында жергілікті элиталармен келісімге келе алмай, президент әкімшілігіндегі қызметкерлерді жемқорлыққа айыптап, арыз жазған.

2 күннен соң Порошенко оның жұмыстан қуылғаны жөнінде мәлімдеді. Сондай-ақ Саакашвили Украина президентінің кеңесшісі қызметінен де босады.

Айта кетейік, Саакашвили 2008-2013 жылдары Грузия президенті болды. Сайлаудан жеңіліс тапқан соң Украинаға барған. Отанында оған қарсы бірнеше қылмыстық істер қозғалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір