• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 11:08:05
Алматы
+35°

19 Наурыз, 2019 NEWS

Полициядан лайфхак: телефон алаяқтарына алданып қалмас үшін не істеу керек?

Телефон арқылы сөйлескенде алаяқ адам туысқаны болып танысады және қылмыс жасағаны үшін полиция қызметкерлерінің ұстап алғанын айтады.

Телефон арқылы сөйлескенде алаяқ адам туысқаны болып танысады және қылмыс жасағаны үшін полиция қызметкерлерінің ұстап алғанын айтады (ЖКО, есірткіні сақтау, дене жарақаты). Содан кейін полиция қызметкері әңгімеге араласады. Ол, белгілі бір ақша соммасын алып келген жағдайда туысын босатып, барлық мәселені шешетінін айтады. Ақшаны кез-келген телефон нөміріне немесе электронды әмиянға аудару керек.

Қауіпсіздік шаралары:

Егер, сізге жақын туысыңыз немесе досыңыз белгісіз нөмір арқылы хабарласқан болса, онда сіздің әрекетіңіз:

         - өзіңіздің туысқаныңызға екеуіңізде жауабын білетін сұрақты қойыңыз;

         - құқық қорғау органының қызметкерінен туысыңызды қай басқармаға немесе бөлімге алып келгенін сұраңыз;

         - 02 нөмірін теріңіз және ПБ немесе ПБ-нің кезекші бөлімінің нөмірін біліп алып, Сіздің туысыңыздың келіп түскенін және бұл іспен кімнің айналысатынын кезекшіден сұрап алыңыз;

         - егер Сіз қоңырау шалқан туысыңыздан немесе айтылған фактілерден күдіктенсеңіз, туысыңыздың ұялы телефон нөміріне қайта хабарласып көріңіз. Егер ол өшірулі болса, қосымша ақпарат алу үшін оның достары мен әріптестеріне хабарласыңыз.

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір