• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:15:15
Алматы
+35°

18 Наурыз, 2019 NEWS

Полициядан лайфхак: Көше алаяқтары қалай əрекет етеді?

Полиция қызметкерлері халықты көше алаятарынан  абай болу керектігін  ескертеді.

Полиция қызметкерлері халықты көше алаяқтарынан  абай болу керектігін  ескертеді. Осыған сәйкес, олардың қалай әрекет ететінін мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Көшедегі алаяқтардың  күшпен емес, психологиялық əсер ету арқылы ақша табу мүмкіндігі жоғары. Олар өздерінің құрбандарын қаптаған адамдардың арасынан оңай табады. Олардың басты міндеті – адамды бекітіп алу. Бұл үшін көше алаяқтары жиі «түзету қағидаты» деп аталатын əдісті пайдаланады: гипноз, сөйлеу қарқыны, бет-əлпеті, ымдауды көшірмелейді.

Көшедегі алаяқтардың құрбандары, əдетте, қартайған адамдар болады. Алаяқтар көбінесе өз құрбандарын дүкендерде, нарықта, банктерде, қолма-қол ақшаны алған клиенттердің арасынан іздейді. Ал қауіпсіздік шаралары қандай?

- сізге кез келген өнімді немесе мүлікті таңуға тырысып жатқан бөтен адамдарға сенім артуға болмайды.

- белгісіз «алаяқтар» өздерінің басынан қайғы өткендей аңызды ойлап тауып, адамдардың арасында аяныш сезімін тудырады.

- мемлекеттік органдардың (əкімдіктердің, медициналық мекемелердің) қызметкерлері атынан жəбірленушілердің пəтерлеріне кіруге тырысады. Көбінесе құрбандары ретінде жасы үлкендерді, кəмелетке толмағандарды таңдайды.

  • көріпкелдерге сенбеңіздер (негізінен сыған азаматтарына).

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір