• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:53:11
Алматы
+35°

19 Қазан, 2018 NEWS

Полиция қызметкерлері жоғалған ана мен баланы бір тәулікте тапты

Қостанай облысында іздестіріліп жатқан Анара Хидирова мен оның ұлы көрші кенттен табылды

Қостанай облысында іздестіріліп жатқан Анара Хидирова мен оның ұлы көрші кенттен табылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпараттың дерегін негізге алып. 

«17 қазан күні Әулиекөл АІІБ 30 жастағы Анара Хидирова мен оның баласы Арсен Сантайға іздеу жариялаған. БАҚ-та әйел мен баланың толық сипаттамасы таратылды. Жедел-іздестіру барысында полиция қызметкерлері оларды бір кезекшілік тәулікте тауып алды. Олар көрші кенттегі таныстарының үйінде болған екен», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін 30 жастағы Анара Хидированың 2008 жылғы ұлымен бірге 16 қазан түнде үйінен кетіп, қайтып оралмағаны туралы жазған болатынбыз. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір