• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:19:19
+35°

27 Қыркүйек, 2018 Оқиғалар

Полицей өзінің әріптесін әпкесі үшін өлтіруі мүмкін - ҚР ІІМ

Туысқан полицейлер арасында жанжал туып, оқ атылған. Нәтижесінде бір полицей ауруханада көз жұмды.

Алматыда полицей өзінің әріптесіне әрі туысына оқ атты. Нәтижесінде жарақаттанған полицей ауруханада көз жұмған. ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов аталмыш іске қатысты пікір білдірді.

«Күдікті кешке кезекшілікке келіп, қару алады. Гаражға автокөлігін алуға барғанда әпкесінің күйеуі келді. Олардың үш баласы бар, бірақ бар мәселе алты айдан бері жездесінің әпкесімен бірге тұрмауынжа еді. Әлгі қайтыс болған адам кезекшілігін тапсыруға келген, алайда екеуінің арасында жанжал туып, қару қолдануға дейін барған», - деді министр.

Аталмыш іске қатысты «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар қауіпсіздік департаменті де қызметтік тергеу жүргізуді бастады.

Айта кетейік, туысқан полицейлер арасында жанжал туып, оқ атылған. Нәтижесінде бір полицей ауруханада көз жұмды.

Құқыққорғау органдары жанжалға отбасылық мәселелердің себеп болғанын айтқан. Оқиға қалалық полиция қызметі ғимаратының ауласында болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір