• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:19:19
Алматы
+35°

07 Қараша, 2018 NEWS

Польшада зейнетке шығу жасы қысқарды

Еуропа тәжірибесіне сүйене отырып зейнетке шығу жасын ұзартқан Қазақстан үкіметі Польшаның осы бір әрекетін есепке алса екен деген тілек бар.

1 қазанда Польшада зейнетке шығу жасын 7 жылға қысқарту туралы заң қабылданды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі inforesist.org-қа сілтеме жасап. Енді Польшада ер адамдар 65 жасында, әйелдер 60 жасында зейнетке шығады. Осылайша Үкімет Дональд Тусканың 2012 жылғы зейнеткерлік жасқа қатысты реформасын жойды.

Еуропа тәжірибесіне сүйене отырып зейнетке шығу жасын ұзартқан Қазақстан үкіметі Польшаның осы бір әрекетін есепке алса екен деген тілек бар.

«Польша үкіметі поляктарға таңдау құқығын беріп отыр. Егер біреу ұзағырақ жұмыс істегісі келсе, мархабат. Зейнет жасын ер адамдар үшін 67-ден 65-ке, әйелдерге 67-ден 60-қа қысқарта отырып, жерлестерімізге таңдау беріп отырмыз», - дейді Польша үкіметінің басшысы Беата Шидло.

Оның сөзінше зейнетақы жасын бұрынғы межеге қайта белгілеу үшін ел бюджетінде қаржы жеткілікті. Польшаның әлеуметтік сақтандыру қоры (ZUS) банкротқа ұшырамайды. Онда қаржы жеткілікті.

Шидло «Құқық және Әділдік» (PiS) партиясының 2015 жылы сайлауда «зейнетақы жасын қысқартамыз» деп берген уәдесін орындағанын жеткізді. Оның сөзінше, 2012 жылы зейнетақы жасына қатысты қабылданған реформа поляктарды өле өлгенше еңбекке жегіп қойды.

Польшаның вице-премьер-министрі мен даму министрі Матеуш Моравецкийдің мәліметінше, 2018 жылы зейнетке шығу жасын қысқарту үшін ел бюджетіне 10 миллиард алтын (2,7 миллиард доллардан астам) құйылды. Польшада 2019 жылы 330 мың адам зейнетке шығады.

Айта кетейік, Қазақстанда да зейнетке шығу жасы ұзартылған болатын, 2018 жылы ер адамдар 63 жасында, ал әйелдер 58,5 жасында шығу керек. 2027 жылға дейін 63 жасқа жеткенше зейнетақы жасы жылда жарты жылға ұзартылып отыр.

  • 2018 жылдың1 қаңтарына дейін – 58,5 жас;
  • 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін – 59 жас;
  • 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін – 59,5 жас;
  • 2021 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін – 60 жас;
  • 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін – 60,5 жас;
  • 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін – 61 жас;
  • 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін – 61,5 жас;
  • 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін – 62 жас;
  • 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін – 62,5 жас;
  • 2027 жылдың 1 қаңтарына дейін – 63 жас.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір