• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:13:07
Алматы
+35°

07 Маусым, 2018 Әдебиет

Поэзиям, Прозам

Поэзиям, мені сағынып сен келдің бе, Көз алдымда бұлдырадың қиялыма ендің де.

Поэзиям, мені сағынып сен келдің бе,

Көз алдымда бұлдырадың қиялыма ендің де.

Жарқ етесің ойымда бір зулайсың-ау, тынбайсың,

Елемесем, өтерсің-ау, өлең қайтіп тумайсың.

 

О, проза сен де мені түсіме іздеп келдің бе.

Түндерде ұзақ шырақ болып, таң атқанда сөндің бе.

Қараңғыда туғызайын прозаны ақшамнан

Ойым-шырақ. Төзім-түнім. Түйін-таңым бақ шомған.

 

Поэзиям да, прозам да бір өзіңсің қазағым

Тарту етсең жұмақты да, от боп жанған тозағын

Қабыл алам талғамайын, талдамайын сыйыңды

Өмірімді ұсынамын, алдамайын жұйымды.

 

Прозаммен шымшып алсам, етіңді бір ауыртсам,

Прозаммен жазармын мен, ауырды деп даурықсаң.

Поэзияммен жеті қатты аспаныңды көрсетсем,

Поэзиямнан құлдилайсың жеті төмен көрден сен.

 

Жамандықты аңсамаймын, жақсылық менің тұрағым

Арамдықты жолатпаймын, адалдық менің бұлағым.

Адалдық анам, жақсылық әкем, адамзат менің отбасым

... Поэзиясыз

                    Прозасыз Аяу жүрек соқпасын,

Отбасымды жырламасам тоқтасын да, тот бассын.

Аяужан Нұрмолда

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір