• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 23:29:37
Алматы
+35°

30 Шілде, 2018 Әлеумет

Пышақпен келген ер адамды полицей құшағын айқара ашып қарсы алды (видео)

Әлеуметтік желіде осыдан біраз уақыт таралса да өз мәнін жоғалтпаған видео көптің жүрегіне жылу сыйлады.

Қазіргі таңда Қазақстанда полицейлердің жұмысына көңілі толмайтындар жетіп артылады. Әсіресе Денис Теннің өлімінен кейін «Алматының дәл ортасында, тапа-тал түсте адамды пышақтап, көлігінің айнасын ұрлап кеткені – полиция жұмысының осалдығынан» деген пікір өрши түсті.

Бұдан бөлек полицейлердің күдіктілерді ұрып-соғу секілді заңсыздықтар орын алатынын туралы да ақпарат жиі шығып тұрады.

Әлеуметтік желіде осыдан біраз уақыт таралса да өз мәнін жоғалтпаған видео көптің жүрегіне жылу сыйлады. Себебі қандай маман болмасын, ол мейлі полицей болсын ол ең алдымен – адам. Адамға тән жанашырлық, адамның жағдайын түсіне білу, мейірімділік таныту секілді ұғымдар басты орында тұратынын тағы бір көрсетті.

Бангкок тұрғыны полиция бөлімшесіне пышақпен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасамақ болған. Анирут Мали есімді офицер тапаншамен қорғанудың орнына ер адамға қарама-қарсы бағытта отырып, онымен сөйлесуге тырысты. Суық қаруды беруге көндірді. Одан кейін ешкім күтпеген жағдай болды. Полицей ер адамды құшақтап оны тыныштандыруға тырысты.

45 жастағы тәртіп бұзушы есін жия бастады. Полицейлер оған су әкеліп беріп, оның нендей жағдайды бастан өткергеніне құлақ асты.

«Ол музыкант, бірақ күзетші болып жұмыс істеуге мәжбүр болған. Бірнеше күн оған жалақы төлемеген. Оған қоса гитарасын ұрлап кеткен. Осы жағдайлардың барлығы оған әсер еткен», дейді офицер Анирут Мали.

Мали ер адаммен бірге түстеніп, оған гитара сыйлаған екен.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір