• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:59:29
Алматы
+35°

21 Ақпан, 2019 Саясат

Петр Порошенко: Украинаның шекарасында Ресейдің 87 мың әскері тұр

Ресей бұл елдімекенді басып алған жағдайда Қырымға қарай құрлық әскерлері үшін дәліз ашылады

Украинада президенттік сайлау жақындаған сайын Петр Порошенко да өз ішінен гөрі сыртқы қолдаушыларының  ықыласын қажет ете бастағандай. Осы аптада ол БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде «Ресей кез келген уақытта Украинаға соққы беруге даяр екендігін» мәлім етті.

–Орыстар Украинаға кең ауқымда кез келген уақытта соққы беруге даяр тұр. Жалпы айтқанда, қазіргі кезде Ресей-Украина шекарасында орыстардың 87 мың әскері тұр. Сонымен қатар, Ресейдің заңсыз түрде қаруланған 35 мың содырлары Украина территориясында әскери қимыл көрсете алады. Сондықтан орыстармен болуы мүмкін соғысқа біз даяр болуымыз керек және халықаралық қоғамдастық та көмек көрсетуі тиіс,–деп мәлімдеді Петр Порошенко биік мінберден.

Жалпы Украин президентінің айтып отырғаны бұл бірінші рет емес. Осыған дейін ол неміс телеарнасына берген сұхбатында «Ресей Бердянск мен Мариупольға басып кіруі мүмкін. Өйткені бұл елдімекенді басып алған жағдайда Қырымға қарай құрлық әскерлері үшін дәліз ашылады. Ресейдің болашақта көздеген мақсаты да осы» дегені белгілі.

Ал Ресейдің украин шекарасы маңында әскер шоғырландырып жатқаны рас па? Бұл ретте Украина президенті ОБСЕ бақылаушылары жинаған деректерді де мысалға келтіреді. Онда орыс әскерлерінің украин шекарасы маңына әскерлерін шоғырландырып жатқаны айтылған. Шындығында солай ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Бірақ орыстармен арадағы қатынас оңбай тұрғаны ол енді ақиқат.  

БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінде сөз сөйлеген Петр Порошенко «осыған байланысты БҰҰ қауіпсізідк кеңесінде Ресейді дауыс беру құқынан айыру керек» деп есептейді.

Әрине, Порошенконың жанайқайын түсіну де керек шығыр. 2014 жылдан бері екі ел арасындағы қарым-қатынас ушықты. Ресей Қырымды аннекциялады, Донбасс аумағы Украинаның билігіне бағынбай тұр. Ара қатынасты жақсарту, мәмілегі келу туралы «Минск келісімі» жұмыс істемей қалды. Енді қайтпек керек?

31 наурызда Украинада –президенттік сайлау. Петр Порошенкоға тағы да тақта қалуы керек. Оның басты бәсекелесі – «Батковщина» партиясының басшысы Юлия Тимошенко. Кім жеңеді? Оны уақыт көрсетеді.

 

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір