• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:43:45
Алматы
+35°

06 Сәуір, 2017 NEWS

Петерборда жарылыс жасаған қылмыскер желі арқылы нұсқаулар алып отырған

Петербор метросының вагонында жарылыс жасап қайтыс болған террорист Акбаржон Джалилов 1 сәуір өзінің туған күнінде Вконтакте әлеумет желісін пайдаланғаны...

Петербор метросының вагонында жарылыс жасап қайтыс болған террорист Акбаржон Джалилов 1 сәуір өзінің туған күнінде Вконтакте әлеумет желісін пайдаланғаны зерттеу барысында мәлім болды.  Аккаунт арқылы Джалиловтың террористік топтармен байланысы анықталды. Акбаржон Джалиловтың екі аккаунты болғаны және бір аккаунты 2014 жылдан бері қолданылмай, екінші аккаунты белсенді қолданыста болғаны анық болып отыр. Дәл осы аккаунт арқылы күдікті өзінің жақтастарымен хабарласып отырған. Ресми деректер бойынша, Акбаржон Джалилов Ресейде тыйым салынған ИМ топтарының құрамында  Сирия немесе Ирак жағынан соғысқа қатысуы мүмкін деген болжам жасалып отыр деп хабарлайды "Қамшы"  ақпараттық агенттігі хабарлайды  izvestia.ru сайтына сілтеме жасай отырып.

Террорист әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы болмағаны, жеке парақшасында түрлі жазбалар мен суреттер жүктемегені, 11 досы және 5 топқа тіркелгені мәлім болып отыр. Топтардың ішінен көзге түсетіні 4,5 мың тіркелушісі бар TAWBA тобы.

Мыңдаған ресейліктер экстремизді насихаттаумен қатар оффлайн режимде де жұмыс  істейтін осы типтес  топтарға тіркелген.

Акбаржон Джалилов Ресейде рұқсат етілмеген ИМ террористік топтың мүшесі болған. Бұл топ радикалды ислам дінін насихаттау негізінде Ресей Федерациясымен соғыс басталу алдында тұр. Террористердің басты бағыты - тыныш елге қарсы террористік әрекет жасау болып табылады.

Әскери іс-қимылдар ардагері Василий Павлов : «Орын алған жағдай арнайы қызметкерлерді тексеру немесе дайындық, барлау болуы да мүмкін. Кез келген шабуыл террористердің өз мақсаттарына жететіндігін  көрсетеді. Шабуылдың мақсатын анықтамай-ақ, біздің елге қарсы соғыстың басталғаны анық» деп өз пікірін білдірді.

Бүгінде Қырғызстанда Ресейде тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир», «Таблиги джамаат» сынды алдына Орталық Азияда халифат орнықтыруды мақсат тұтқан ұйымдар  ашық түрде жұмыс істейді.

Дін істері бойынша Қырғыз Мемлекеттік агенттігінің мәліметі бойынша, мемлекетте 2000 мешіт және 3000 имам жұмыс істейді. Ресми тіркелмеген 1000 шақты мешіт бар. Соңғы кездері тіркелмеген мешіттерде радикалды исламның ұстанымдары жақсы дамыған.  Және бұл жағдайға Сириядағы жанжалға қатысы бар  Қырғызстанның тұрғындары ауыздық болып отыр. Соңғы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми деректер бойынша, содырлардың қатарында 600-ден астам мемлекет азаматтары күресуде.

Аударған: Айгерім Таубай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір