• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 16:14:13
Алматы
+35°

03 Шілде, 2018 NEWS

Педофилдің құрбаны болған баланың әжесі: Жылай берді, жылай берді...

Шымкентте ер адам подъезге кіргізіп, шабуыл жасаған баланың әжесі оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Шымкентте ер адам подъезге кіргізіп, шабуыл жасаған баланың әжесі оқиғаның мән-жайын айтып берді. 

Халықтың жағасын ұстатқан видео кешелі бері қызу талқыға түскен еді.

«Мен жұмыста болдым, ал бала есік алдында ойнап жүрді. Үлкен ұлым хабарласып, баланы бір ер адамның ұрғанын айтты. Үйге қарай тұра жөнелдім. Келсем, көршілер аулаға жиналып алған. Полиция шақырдық. Бәрі баланы сұрақ астына алды, алайда ол дұрыс сөйлей алмады, жылай берді», - деді зардап шеккен баланың әжесі.

Ал күдіктінің қайдан шыға келгені белгісіз. Әжейдің сөзінше, ер адам баланы алдымен басқа подъезге кіргізбек болған. Алайда бала қарсылық танытқан соң видеодағы апарады. Абырой болғанда көршілер баланың айқайлаған дауысын естіп, сонда қарай барған.

«Аулада осы үйлердің бірінде тұратын екі әйел отырған. Кішкентай баламен подъезге кіріп кеткен белгісіз адам олардың күдігін тудырған. Сөйтіп соңынан ереді. Әйтеуір, үлгеріп барған», - деді баланың әжесі.

Бұл іске қатысты қалалық ІІД полицейдің барлық қажетті шараларды жүргізгенін мәлімдеді. Күдікті бірден ұсталған екен. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында жатыр.

Полиция деректеріне сәйкес, күдікті 1985 жылғы Шымкент тұрғыны болып шықты. Ол кінәсін толық мойындады. Ал педофилдің құрбаны болған 11 жастағы бала қазір дәрігерлердің бақылауында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір