• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:44:32
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2019 Әлем

Печенье жеп, бір күнде байлыққа кенелді

Оның айтуынша, ол бұған дейін ешқандай ұтыс ойынына қатысып көрмеген...

Америкалық тұрғын ішінде болжам жасырылған печенье жеп, лотореядан қомақты қаржы ұтып алды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Рамблер  сайтының деректерін негізге ала отырып.

Миссури штатының тұрғыны Фонда Смит-Дэвис баласын ертіп, үй маңындағы мейрамханалардың біріне түстенуге барады. Түстеніп болғаннан кейін мейрамхананың атынан дәм тату үшін ішінде болжам жасырылған печенье тегін беріледі. Оның айтуынша, ол бұған дейін ешқандай ұтыс ойынына қатысып көрмеген. Ал печеньенің ішінен шыққан болжамда: «Бағыңды сына, жеңіске жетесің», - деп жазылып тұрған.

Сол себепті Фонда, мүмкін бағым жанар деген оймен 5 долларға төрт ұтыс билетін сатып алады. Сол билеттердің бірінен америкалық тұрғын шынымен де 55 мың доллар ұтысқа ие болған. Бұл АҚШ-тағы орташа жылдық жалақыдан сәл ғана аз ақша.

«Мен билеттердің қорғаныс қабаттарын аша бастадым, біреуінен шынымен де ұтыс шықты. Балам қуаныштан айғайлап жіберді», - деп Фонда Смит-Дэвис журналистерге ағынан жарылған. Ол алдағы уақытта бұл қаражатты жаңа үйдің алғашқы жарнасын төлеуге жұмсамақ.

Аударған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір