• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:41:10
Алматы
+35°

22 Маусым, 2017 NEWS

Павлодардың орталық мешітінде Ораза айт мерекесіне орай 15 қазан палау таратылмақ

Алда келе жатқан Ораза айт мерекесінің құрметіне Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің алдында «Ораза айт - берекелі мереке» атты діни шара...

Алда келе жатқан Ораза айт мерекесінің құрметіне Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің алдында «Ораза айт - берекелі мереке» атты діни шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Қамшы ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz мәліметіне сүйеніп.

 ҚМДБ Павлодар облысы бойынша жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Айбек Оралханның айтуынша, биылғы Айт намазы барлық мешіттерде 25-маусым, жексенбі күні таңғы 6:30-да оқылады. «Ораза айт - берекелі мереке» атты ауқымды діни мереке орталық мешіт ауласында сағат 14:00-де басталып, 18:00-ге дейін жалғасады.

 - Мешіт ауласында балалар мен жасөспірімдерге арналған іс-шаралар көптеп ұйымдастырылмақ. Атап айтар болсақ, балаларға арналған ойын батуттары орнатылады. Сонымен қатар, Құран оқу, дін туралы сұрақ-жауап және Иләһи өлең-жыр айтудан жарыстар ұйымдастырылады. Ал, ересек адамдар арасында гір тасын көтеру, қол күресі, арқан тарту, қазақ күресі сынды ұлттық спорт түрлерінен сайыс жүргізіледі. Мақсатымыз – Рамазан айтының қоғамда кеңінен насихаттау және жасөспірімдерді жыл сайын асыға күтетіндей дәрежеге жеткізу. Жылына бір рет келетін қасиетті діни мерекені тамашалаймын, жарыстарға қатысамын деушілерге есігіміз ашық. Бұл күні мерекеге жиналған жұртшылыққа 15 қазан палау және тандыр нан тегін таратылады, - дейді Айбек Оралхан.

Сондай-ақ, осы күні мешіт ауласына жиналған балаларға жергілікті кәсіпкерлер мен жамағаттардың демеушілгімен түрлі кәдесыйлар, ойыншықтар табысталса, спорттық жарыстарда өнер көрсеткен азаматтарға дастархан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм беріледі. Биылғы мерекені ұйымдастыруға жергілікті демеушілермен қатар, облыс орталығындағы мешіттер де атсалысуда. 

Шолушы: Айгерім Таубай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір