• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 13:03:16
Алматы
+35°

08 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Павлодарда көлік өртеніп ер адам қаза тапты

Қаза тапқан адам 25 жастағы Ақсу қаласының тұрғыны болып шықты. Ол ағымдағы жылдың 4 желтоқсанынан бастап хабар-ошарсыз жоғалған ретінде іздестіруде болған

Павлодар қаласына қарасты Кенжекөл ауылының шетінде өртенген көлік ішінен ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. «2017 жылғы 6 желтоқсанда Кенжекөл ауылының шетінде өртеніп кеткен «Audi-80» маркалы автокөлігінің  салонынан жүргізушінің мәйіті табылды. Осы факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қаза тапқан адам 25 жастағы Ақсу қаласының тұрғыны болып шықты. Ол ағымдағы жылдың 4 желтоқсанынан бастап хабар-ошарсыз жоғалған ретінде іздестіруде болған», - делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір