• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:38:45
Алматы
+35°

19 Маусым, 2017 NEWS

Павлодарда автокөпірден секіріп кеткен бойжеткеннің мәйіті табылды

Павлодарда автокөпірден секірген 17 жастағы қыздың денесі табылды. Бұл туралы

Павлодарда автокөпірден секірген 17 жастағы қыздың денесі табылды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы жағдай 13 мамырда орын алған. Павлодарлық колледждердің бірінде оқитын 1-курстың студенті Рания Махметова үстіндегі күртешесін шешіп секіріп кеткен. Оған көмектеспекші болған жұмысшы үлгермей қалған.  Суицидтің куәгері болған жұмысшы құтқарушы топты шақырған. Олар су астынан қыздың денесін таба алмаған.

Кейінірек құтқарушылардың іздестіру жұмыстарына  еріктілер тобы қосылған. Олар Ертістің жағасын қайықтармен сүзіп өткен. Іздестіру жұмыстары бір айға созылған. Қыздың мәйіті Павлодар облысы Жаңаауыл маңында табылған. Қыздың ата-анасы марқұмды киімі арқылы таныған. Сараптама жұмыстары жүргізіледі.

ІІД мәліметінше, қыздың отбасы толыққанды өзінен басқа тағы 2 сіңілісі болған.

Шолушы: Назерке МҰСА

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір