• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:13:11
Алматы
+35°

11 Наурыз, 2019

Павлодарда 337 млн теңгеге қытай тілін үйрететін балабақша ашылғалы жатыр

Жаңа ғимараттың ашылуына инвестор 337 млн. теңге бөлуге дайын. Балабақша 2-ден 5 жасқа дейінгі шамамен 230 бала қабылдайды деп жоспарлап отыр.

Павлодар қаласында қытай тілін үйрететін лингвистикалық балабақша ашылады. Жаңа ғимарат бұрынғы "Стикс" мектебінің орнында болады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі caravan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаланың Білім бөлімінің бастығы Амангелді Иманберлиновтың айтуынша, екі қабатты ғимаратты жалға беру туралы тендер  26 ақпанда өткізілген. Оны ЖШС «Заман Альянс» ұтып алған.

Жаңа ғимараттың ашылуына инвестор 337 млн теңге бөлуге дайын. Балабақша 2-ден 5 жасқа дейінгі шамамен 230 бала қабылдайды деп жоспарлап отыр. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемеде кәріс, қазақ, ағылшын тілдерін де оқытады. 

Ол жерде музыка, балет пен актерлік шеберлік үйірмелері де болады және балаларға домбыра, қобыз үйретеді. Бұл Павлодар облысындағы ең алғашқы заманауи балабақша болады деп жоспарлап отыр.  

Аталмыш мекемеде балаларды кешкі сағат 20-00-ге дейін қалдыруға болады. Ата-анасының қалауымен, балабақша тіпті демалыс күндері де балаларды қарап, оқытады. 

 Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір