• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:03:11
Алматы
+35°

18 Шілде, 2017 NEWS

Павлодар облысының әкімі 68 жастағы зейнеткердің жағдайын көріп қайтты

Әкімге зейнеткердің жағдайы туралы оның көршілері айтып берген

Павлодар облысының әкімі Толубай ауылындағы 68 жастағы зейнеткер кісіге көмектесуге ниет білдірді. Әкімге зейнеткердің жағдайы туралы оның көршілері айтып берген, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жұмыс бабымен Павлодар аудандарын шолып жүрген облыс әкімі Булат Бақауаов Толубай ауылына да келіп, ондағы ақсақалдармен кездескен. Сол кезде әкімге 68 жастағы Қайныгеш Аққалуева есімді зейнеткер жайында көршілері айтып, оның қазіргі таңда тұрып жатқан үйі адам сенгісіз жағдайда екендігін жеткізген. Зейнеткер осы ауылда бірнеше жыл сауыншы болып жұмыс істеген екен. Қазір ол жалғыз өзі тұрады, қарт кісі болғандықтан өзінің үйіне қарап, үй шаруасымен айналыса алмайды екен.

Шамамен бір жыл бұрын өрттің салдарынан зейнеткердің үйінде электр тоғы ажыратылған.  Сонымен қатар үйінің шатыры тесіліп, су ағып тұрады екен. Ал қыстың күні ерекше суық болып, үйдің іші жылынбайтын көрінеді.

Ауыл тұрғындары қолдарынан келгенше қарт кісіге қол ұшын созып, көмектесіп тұрады. Былтыр бір кәсіпкер зейнеткерге қыста жағатын көмірін алып беріпті, ал сол ауылдың жастары жиі-жиі келіп қарияның ауласын, үйін тазартып тұрады екен.

Облыс әкімі дереу істі қолына алып, зейнеткерге көмектесуге шешім қабылдаған. Сонымен қатар әрбір аудан мен ауылда жағдайы жоқ зейнеткерлер жайында мәлімет жинауды тапсырған.

«Егер ондай кісілер бар болса, біз оларға көмектесуіміз қажет. Ресурстардың барлығына да жеткілікті болуын қадағалаймыз. Осындай жағдайда отырған адамдарды көрсем, «Аудан әкімі не істеп жүр?» деген сұрақ туындайды», - дейді Булат Бақауов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір