• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:37:41
Алматы
+35°

27 Тамыз, 2018 Оқиғалар

Павлодар облысында шенеунік отбасымен бірге қайтыс болды

Павлодар облысы ІІД хабарлауынша, BMW жеңіл авто көлігінің тізгінінде Ардақ Райымбековтің өзі болған.

Павлодар облысы мәдениет басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков отырған көлік 26 тамыздан 27-сіне қараған түні Омск-Майқапшағай тас жолында жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан Райымбеков әйелі және үш жасар баласымен қоса қайтыс болды. Әрі көлікте отырған 53 жастағы әйел адам да өмірден озды.

Павлодар облысы ІІД хабарлауынша, BMW жеңіл авто көлігінің тізгінінде Ардақ Райымбековтің өзі болған.

Дереккөзге сүйенсек, жол көлік оқиғасы орынынан түрлі жарақаттармен 57 жастағы ер адам мен 27 жастағы әйел адам емханаға жеткізілді.

Ал HOWO жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды, қазір уақытша тергеу изоляторында.

Қазіргі уақытта «Екі немесе одан да көп адамдардың өлуіне себепші болатын жол апатын тудыру» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Жол апатына себепші жүргізуші 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райыбеков небәрі 37 жаста болған. Облыс әкімнің баспасөз қызметі Ардақ Райымбектің демалыста болғанын жеткізді. Жедел-жәрдем қызметінің мәлімдеуінше, шақыру түнгі 00:14-те келіп түскен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір