• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:05:42
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2019 NEWS

Павел Дуров Telegram мессенджерін жоймақ

Кәсіпкер 2018 жылдың 19 желтоқсанында осы мәселеге қатысты өтінішке қол қойған болатын

Telegram мессенджерін құрушы, ресейлік кәсіпкер Павел Дуров Ұлыбританияда тіркелген Telegram Messenger LLP компаниясын жоюды көздеп отыр. "Бұл компания Роскомнадзордың тізіміне енген", -деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпкер 2018 жылдың 19 желтоқсанында осы мәселеге қатысты өтінішке қол қойғаны белгілі. Ол аталмыш мессенджердің  жабу себебін ресми түрде айтпады.

Дуров

2018 жылдың сәуір айында Роскомнадзор Telegram мессенджерін бұғаттай бастаған, себебі ол Федералдық қауіпсіздік қызметіне хабарламаларды шифрлеу кілтін бермей қойған. Дегенмен, аталмыш желі көптеген қолданушыларда жұмыс істеп тұрды. Бүгінде Telegram мессенджерін мүлде қолданылмайтындай етіп бұғаттау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, Telegram Messenger LLP компаниясы 2014 жылдың 21 ақпанында құрылған, оның негізін салушы – Павел Дуров.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір