• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:23:21
Алматы
+35°

18 Сәуір, 2017 Әлеумет

Павел Дуров: Өзге адамдардың жаңалықтарын оқу - миды қоқысқа толтыру

 "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің негізін қалаушылардың бірі, "Telegram" мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров өзінің  &quot...

 "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің негізін қалаушылардың бірі, "Telegram" мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров өзінің  "ВКонтакте"  әлеуметтік желісінде виртуалды достар туралы өзінің пікірін білдірді. Бұл туралы Қамшы АА    life.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ол өзінің әлеуметтік желісінде достарының барлығын жойып тастауының себебін былай деп түсіндірді: «Әлеуметтік желідегі достар-2012 жылғы құбылыс.  Мұндай қарым-қатынас мәнсіз және ұзақ» деп бағалады.

«Керек адамдардың барлығы мессенджерлерде бар. Өзге адамдардың жаңалықтарын оқу- миды керексіз ақпартпен толтыру».

Сонымен бірге, Дуров ескі нәрселерден қол үзуден қорықпау қажеттігін атап өтті. Ол ескі идеялар болсын, жұмыс орны болсын барлығынан бас тартудан қорықпау қажет дейді ол.

«Ең үздік нәрсе- жақсы нәрсенің дұшпаны. Үздік нәрсеге жетудегі басты кедергі- жақсы нәрседен бас тартпау, яғни сіздің қолыңызда бар дүниеден бас тартпау»- дейді ол сөз жазбасында.

Айта кетейік, Павел Дуров өзінің барлық әлеуметік желісінде достарын жойып тастаған. Оны көпшілік біршама талқыға салып, сөккендер де, қолдағандар да табылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір