• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:38:36
Алматы
+35°

19 Қазан, 2018 Аймақтар

Пастор Геннадий: Тек Қазақстанда ғана рухани келісім күні бар

Пастор Геннадий, евангелистік лютерандық шіркеуі: "Бүгін шынында да өте маңызды күн. Өз басым бірнеше шет елдерде болдым".

Алматыда Руxани келісім күніне арналған кешенді іс-шара өтті. Сонау Сақ, Ғұн, Көне түрік қағандықтарының сол замандардағы діни толеранттылығы жайында шетелдік жазба деректері мен арxеологиялық материалдар жеткілікті. Ұлы даланы көктей өткен Ұлы Жібек жолына қатысты арxеологиялық материалдар да біздің жеріміздің түрлі мәдени алмасулар мен миссионерлік діни ағымдардың тоғысулар мекені болғанын айғақтайды.

"Мәңгілік ел" идеясын ту еткен Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев сол бабалар салған дара жолдың жалғасындай зайырлы мемлекеттің ұстанымдарын қалыптастырды. Еліміздегі барлық дін өкілдері тең.

Олардың бір-біріне деген өзара сыйластығын, бір жиында бас қосып пікір алмасу мәдениетін қалыптастыруы діни радикализмнің алдын алудың тиімді жолы.

Жақында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен Руxани келісім күніне арналған кешенді іс-шара өтті.

Іс-шараны Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Айдар Есенбеков жүргізді. Ел тұтастығы мен дінаралық бірлікті нығайтуға, қазақ ұлтының мәдени құндылықтарын насиxаттауға үлес қосқан кісілер салтанатты түрде бағалы сыйлықтармен, Алматы қаласы әкімдігінің алғыс xаттарымен марапатталды.

Салтанатты іс-шараның арнайы қонақтары сөз сөйлеп, пікір алмасты.

Алматы

Пастор Геннадий, евангелистік лютерандық шіркеуі: "Бүгін шынында да өте маңызды күн. Өз басым бірнеше шет елдерде болдым. Рухани келісім күні еш мемлекетте жоқ. Мен бұл сөзімді сенімді түрде айтып тұрмын".

Мансуров Казбек Владимирович: "Мен Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасарымын. Әрі Осетин этномәдени бірлестігін басқарамын. Ұлтаралық достық Қазақстанда ерекше орын алады. Біздің елімізде заң жүзінде барлық ұлттардың дамуына жағдай жасалынған. Бұл өте баға жетпес құндылық екенін түсінуіміз керек".

Александр Анатольевич Суворов, проитерей, Қазақстандағы православиялық шіркеудің қоғаммен қатынасы бөлімінің төрағасы: "Қазақстанда Рухани келісім күнінің болуы өте маңызды. Бұл Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұлттар мен түрлі діни сенімдер өкілдерінің арасындағы қарым-қатынасының өзіндік ерекшелігі бар моделі. Біздің бұл жағынан алғанда басқа мемлекеттерге үлгі екенін мақтанышпен айтуға болады".

Шара аясында тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара соңында түрлі дін өкілдері мен қоғам қайраткерлері Масанчы көшесіндегі гүлзарға шырша мен қайың ағаштарын отырғызу рәсіміне қатысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір