• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:50:37
Алматы
+35°

02 Мамыр, 2018 Әлем

Пашинянның жақтаушылары қайта шеруге шықты

Армения астанасы Ереванда және елдің өзге қалаларында оппозиция лидері Никол Пашинянның жақтаушылары бүгін шеруді қайта жандандырды

Армения астанасы Ереванда және елдің өзге қалаларында оппозиция лидері Никол Пашинянның жақтаушылары бүгін шеруді қайта жандандырды. Бұл туралы жергілікті Азатутюн басылымы хабарлады.

1 мамырда парламентте Армения Республикалық партиясы Никол Пашинянның үміткерлігіне қарсы дауыс берген. Нәтижесінде оппозиция лидері премьер-министрлікке сайлана алмады.

Таңға жуық жақтаушылар тобы Звартонц әуежайына өтетін жолды жапты. Бұған қоса темір жолдар, аудандарды байланыстыратын трассалар да жабылды. Шеруге шыққандардың дені студенттер.

Айта кетейік, жалпы 53 дауыс жинау керек болған Пашинянға 45 адам дауыс берді. Конституцияға сәйкес, жеті күннен соң премьер-министрді жаңадан сайлау шарасы өтеді. Екінші турда үміткерлерді жеке фракция емес, депутаттардың жалпы санының үштен бір бөлігі таңдайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір