• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:49:01
Алматы
+35°

14 Шілде, 2017 Саясат

Парижде Макрон мен Трамптың келіссөздері аяқталды

Франция президенті Эммануэль Макрон Парижде АҚШ президенті Дональд Трампты қабылдап, екеуі келіссөздер жүргізген, деп жазады

Франция президенті Эммануэль Макрон Парижде АҚШ президенті Дональд Трампты қабылдап, екеуі келіссөздер жүргізген, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Келіссөз барысында Эммануэль Макрон әлемдік проблемаларды шешудің түрлі жолдарына мән беріп, ортақ позицияларға назар аударды.

Дональд Трамп еркіндікке қол жеткізуде Францияның тарихи рөлін атап өтті. Сондай-ақ екі мемлекеттің ынтымақтастығы мен достық қарым-қатынасына да тоқталды.

Жұма күні Дональд Трамп Франциядағы ұлттық мерекеге қатыспақ. Елде Бастилия күні және Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі америкалық әскерлердің енгендеріне 100 жыл толуы тойланады. Жыл сайынғы шеруге француздықтармен қоса, америкалық әскери қызметкерлер де қатысады.

Бір жыл бұрын Дональд Трамп  Париждегі жағдайды террористердің кесірінен «бақылаудан шығып қалған» деп бағалаған. Кейіннен ДАИШ ұйымының экстермистерінің жасаған шабуылы әлемдік деңгейдегі туристік орталық атанған Парижге кері әсерін тигізген деп болжады.

Шолушы: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір