• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:58:10
Алматы
+35°

20 Мамыр, 2019 NEWS

Париж әуежайы қаңғыбастардың баспанасына айналды

Заңсыз иммигранттар Франциядан депортация қарсы екендігі туралы жан айқайын ел басшылығына жеткізе алмай отыр

Өздерін "қара жилет" деп атаған заңсыз иммигранттар Франция билігінен өздерінің депортацияға қарсы екендігі туралы жанайқайын ел басшылығына жеткізе алмай отыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Лайф сайтына сілтеме жасап.

Наразылық акциясына байланысты 100 шақты иммигрант Парижде орналасқан Шарль-де-Голль әуежайының екінші терминалын басып алды.

Куәгерлердің айтуынша, наразы қауымның талабы – Air France бас директоры және Францияның премьер-министрі Эдуард Филиппен сөйлесу.

400 иммигрант ереуілінің ұйымдастырушылары "Ла Шапель!" әлеуметтік желісі арқылы наразылықты қолдауға шақырды. "Қара жилет" атын берген ұйым Air France әуе компаниясының башылығын  "билік саясатын қолдап, өздерін отанына қайтаруды қолдап отыр"  деп айыптауда.

Аударған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір